13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Жас Ұлан» республикалық мектебінің жеке құрамымен кездесу өтті

3 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
«Жас Ұлан» республикалық мектебінің жеке құрамымен кездесу өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебіне қабылдау жұмыстарын сапалы және жоғары деңгейде өткізу мақсатында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу-басты міндет» тақырыбында кездесу өтті.

Аталмыш шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басқарма басшысы Жазира Әлжанова, Қаратау ауданындағы А. Сманов мешітінің бас имамы Берік Шотабеков және Шымкент гарнизонының Әскери полиция бөлімінің (сыбайлас жемқорлықққа қарсы іс-қимыл жөніндегі) аға офицері капитан Ербол Айтбаев қатысты.

Күн тәртібіндегі басты мәселе – жемқорлықтың алдын алу, ұжымда парасаттылық құндылықтарын дәріптеу, заңнамаға енгізілген өзгерістерден хабардар ету болды.

Кездесу барысында Жазира Әлжанова Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттарын түсіндіріп, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тек уәкілетті органның ғана емес, бүкіл мемлекеттік органдардың міндеті екендігін атап өтті.

Ал мектеп бастығы полковник Ғазиз Төлеуішев жемқорлықтың алдын алу мақсатында қолға алынған жобалар мен атқарылған жұмыстардан хабардар етіп, жеке құрамның сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы құқықтары мен мүмкіндіктерін түсіндіріп өтті.

Шымкент гарнизоны Әскери полиция бөлімінің аға офицері капитан Ербол Айтбаев сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды жою туралы негізгі бағыттарға тоқталып, түсіндіру жұмысын жүргізді.

Шара соңында жемқорлықпен құқық бұзушылық туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу ережелері де айтылды.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентШымкент гарнизоны
Previous Post

Получил грант от государства и превратил любимое дело в профессию

Next Post

Мемлекеттен грант алып сүйікті ісін кәсіпке айналдырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі