13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

КӨНЕ ЖӘДІГЕРЛЕР СЕМИНАРҒА АРҚАУ БОЛДЫ

15 июня, 2020
in Қоғам
0
КӨНЕ ЖӘДІГЕРЛЕР СЕМИНАРҒА АРҚАУ БОЛДЫ
18
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің Археология ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Маралбек Амантуров «Ыдыстар сөйлейді» тақырыбында онлайн-семинар ұйымдастырды. Ғылыми семинарға ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, кафедра оқытушылары, магистранттар және студенттер қатысты.

Археология ғылыми-зерттеу институтының ғылыми бағытына сәйкес ұйымдастырылған онлайн-семинардың мақсаты – археологиялық зерттеу барысында табылған қыштан жасалған ыдыстардың типологиялық классификациясын, жасалу технологиясын, таралу аймағын анықтау және ғылыми талқыға салу, таныстыру. Семинар барысында М.Амантуров қыш ыдыстардың шығу тарихымен қатар ыдыс түрлерінің атауларын баяндады.

Сонымен бірге, кейбір қыш ыдыстардың жасалуы мен қазіргі тандыр жасау технологиясының өзгеріске ұшырамай әлі күнге дейін бір технологиямен іске асып жатқандығын атап көрсетті. Ыдыс жасау технологиясында қолданылған аспап түрлерінің де әлі күнге дейін өзгеріске ұшырамағандығын дәлелдеді. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған қыш ыдыстардың камералдық өңдеу жұмыстары барысында қолданылатын әдіс тәсілдерді баяндады. Сонымен қатар, қыш ыдыстарды қайта қалпына келтіру, желімдеу және сызбасын сызу әдістерінің методикасын семинар барысында түсіндіріп өтті.

Онлайн-семинарға қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, тақырыпқа қатысты сұрақтар қойды. Семинарды қорытындылаған Археология ғылыми-зерттеу институтының директоры т.ғ.к., профессор К.Жетібаев баяндамашы М.Амантуров пен қатысушыларға өз алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да өңіріміздің тарихы мен қазба жұмыстарын нәтижелерімен бөлісетін жиындар жалғасын табатындығын айтты.

Previous Post

“САНАЛЫ ҰРПАҚ” ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

Next Post

ЖЕТІСАЙДА ТАҒЫ БІР ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі