13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Мемлекеттік гранттар мен кәсіпкерлікке оқыту курстары ақысыз және қолжетімді

1 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Мемлекеттік гранттар мен кәсіпкерлікке оқыту курстары ақысыз және қолжетімді
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы қызметкерлерінің атын жамылып алаяқтық жолмен ақша табатын азаматтар көбейген. Осы ретте,қайтарымсыз мемлекеттік грантты алып беру, «Бизнес бастау» кәсіпкерлік негіздерінде оқытатын курстарға ақылы түрде азаматтарды тіркеу фактілері де жиілеген.

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова брифингте ресми мәлімдеді.

– Алаяқтар өздерін  азаматтарға жоғарыда көрсетілген мемлекеттік шараларға тарту мақсатында қалалық жұмыспен қамту орталығы мамандарының атын жамылып және мемлекеттік орган қызметкерлері ретінде таныстырған. Нәтижесінде бірқатар қала тұрғындары алданып, жұмыспен қамту және әлеуметтік басқармасына, аудандық ішкі істер бөлімшелеріне арыздарын жазуда. Бұл ретте, қала тұрғындарын мұндай іс-әрекеттерге бармауға, алаяқтықтарға алданбауға шақырамыз. Егер де, сенімсіздік болса, немесе алаяқтардың құрбаны болсаңыз құзырлы органға (1424 Адалдық алаңы), қалалық жұмыспен қамту басқармасына (27-74-31) шағымдануына болады. Бұл мемлекеттік шаралар ақысыз және қолжетімді жүргізіледі, — деді Балмаржан Полатқызы.

Спикердің сөзінше, қайтарымсыз мемлекеттік грантқа ағымдағы жылдың сәуір айында business.enbek  порталы арқылы азаматтан өтінім қабылданып, нәтижесінде 437- і өтінімнің 336-сы комиссияға ұсынылған, ал тиісті санаттарға жатпайтындар саны 101.

Комиссия қаралымына ұсынылған 226-ы азаматтың бизнес-жоспарлары мақұлданған. Ал кері қайтарылғаны 110. Оң нәтиже алған жастар санатынан 36 болса, 157-сі халықтың әлеуметтік осал тобына жататындар.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 8 тамызынан бастап  2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберіндегі 400 АЕК көлеміндегі (1 225 200 тг дейін) қайтарымсыз гранттар алуға  өтінім қабылдау басталады.

Өтінім «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде қабылданады. Осы шараға қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім бере алады.

Қайтарымсыз грантты алуға Үміткердің санаттары көрсетілген.

Олар: еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар азамат, қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар азамат, өңіраралық қоныс аударушылар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақы алушылар, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырғандар (жұбайы / зайыбы), асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар, 29 жасқа дейінгі жас азаматтар қатыса аладады және үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерінде оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.

Шымкент қаласының Ақпараттық коммуникациялық орталығы

Previous Post

Түркістанда басқарма басшысы тағайындалды

Next Post

Шымкент: Государственные гранты и курсы обучения предпринимательству бесплатны и доступны

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі