13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жол карта аясында егіс алқаптарының ауқымы кеңейген

1 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
Жол карта аясында егіс алқаптарының ауқымы кеңейген
Share on FacebookShare on Twitter

Ауылшаруашылығы саласы — Түркістан облысы экономикасының басты драйвері. Өңірде егістік және жайылым жерлердің үлесін 145,5 мыңға дейін арттыру «AMANAT» партиясының Түркістан облысы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасында көзделген. Оның ішінде 12 мың гектардан астамы жалпы егістік бойынша, ал 133 мың гектарға жуығы жайылым жер ауылшаруашылық айналымына тартылуда.

Күнгейдегі жұрт үшін ең өзекті мәселенің бірі – жайылым жерлердің тапшылығы. Жыл басынан бері төрт түлікті кәсіп ететін тұрғындардың қуанышына орай, жуырда «AMANAT» партиясы жанынан «Жер Аманаты» комиссиясы құрылған еді. Аталған комиссиясының араласуымен жекедегі жайылым жерлер ел игілігіне қайтарылуда. Бұл жұмыстар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, аудан және қала әкімдіктерімен бірлесе іске асырылып жатыр.

Жол карта аясында топырақ құнарын сақтау және мол өнім алу мақсатында дақылдарды алмастырып отыру жүйесі яғни ауыспалы егістік жердің көлемін 173 мың гектардан 206 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланған болатын. Нәтижесінде маусымдағы жағдайға сәйкес, 186 мыңнан астам гектарға артып, жоспар орындалды.

Қазіргі таңда ағын су тапшылығы да өзекті. Тіпті көршілес елдер де осы проблема кездеседі. Бұл жағдай жерге егін шаруашлығымен айналысатын жұртқа жайсыз тиері сөзсіз. Дегенмен бірнеше жылдан бері облыс әкімдігінің тапсырмасымен ағын суды үнемдеу мақсатында тамшылатып суару технологиясы қолданылып, тиімді екенігін дәлелдеп келеді. Алдағы уақытта тамшылатып суғару жүйесін өңірдегі өзге де егістік алқаптарға түбегейлі енгізу көзделуде. Мәселен бүгіннің өзінде Түркістан қаласының айналасында 11 мың гектар жерде азық-түлік белдеуін құру бойынша 2,2 мың гектар жерге жаңбырлатып суару технологиясы өндірілді.

Атап өтерлік, партияның Түркістан облыстық сайлауалды бағдарламасында 5 жыл ішінде жылыжай алаңын 2769 гектарға дейін кеңейту жоспарланған. 2022 жылғы жоспарда соның 1355 гектарын кеңейту бойынша жұмыстары жүргізілуі тиіс. Бүгінгі таңда 26,6 гектар кеңейтіліп, орындалуда.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Previous Post

Түркістан: Келестегі мекемеде 250 зейнеткер мен 72 мүмкіндігі шектеулі жанға көмек көрсетіліп жатыр

Next Post

Шымкент инвестиция тартудан еліміз бойынша алдыңғы орында

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі