13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Қазақстан аналары» энциклопедиясының тұсауы кентауда кесілді

29 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
«Қазақстан аналары» энциклопедиясының тұсауы кентауда кесілді
Share on FacebookShare on Twitter

Ана деген үш әріпке әлемнің бар асыл қасиетін біріктірген мағынасы терең бір ауыз сөз. Жоққа сабыр, барға шүкір етіп балалары үшін уайым жеп, болашағы жарқын болсын деп дұға тілеп отыратын, отбасының шырағын сөндірмей, отын тұтатып, шаңырақтың берекесін кіргізіп отырған аналарға үлкен құрмет әрдайым жарасады.

Сондай аналарымыздың шоқтығы биіктігін бір топ қылып жинап үздіктерінен «Қазақстан Аналары» атты энциклопедия жазып шыққан журналист Ажар Момбектің кітабының Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында тұсау кесері өтті. Жаңа басылымға Түркістан облысының түрлі саласында еселі еңбек еткен аналары жайында, атап айтқанда, денсаулық сақтау, білім беру, спорт және қарапайым жұмысшы аналардың өмірдеректері мен еңбектері баяндалған. Аталған кітапқа Кентау қаласының 20 аса аналарымыз енген.

Салтанатты шараға қала әкімі аппаратының басшысы Амалбек Өміртай, «AMANAT»партиясы Кентау қалалық филиалының консультанты Бейсен Самбетов қатысып, аналарға алғыстарын білдірді. Мерекелік шарада қаланың дамуына еңбек еткен аналарға партия филиалының алғыс хаттары табысталды.

«Қазақстан Аналары» энциклопедиясының авторы Ажар Момбек кітаптың тұсаукесер шарасының құттықтау сөзін алып, кітапқа енген аналарды «Ұмай ана», «Гаухар ана», «Домалақ ана», «Қарашаш ана», «Қарқабат ана» төсбелгілерімен марапаттады. Мерекелік шара қала өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

Бір отбасы ғана емес ,тұтас елге үлгі өнеге көрсететін энциклопедия бетінен орын алған аналарымыз ұлықталды.

Алып та ,батыр да анадан туады .Әр отбасында ана бақытты болса ,онда тұтас ел бақытты болады .Елімізде әже тәрбиесінің де ,ана мейірімінің орны ерекше .

Жүздеріңізден күлкі ,көңілдеріңізден шаттық пен қуаныш кетпесін !

Әр ананың жүрегіне жол тапқан кітап редакторы Ажар Момбек ханымға ,Кентау қаласының аналарының бақыт бесігіне бөлеп , шаттығын асыруға үлес қосқан Жанна Алимбай ханымға айтар алғысымыз шексіз.

 

Previous Post

Түркістан облысында ТМД елдерінде баламасы жоқ бу-газды қондырғысының іргетасы қаланды

Next Post

Шымкент: жыл соңында сапалы интернетпен қамту үлесі  95%-ға  жетеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі