Түркістан облысында биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 850 мың гектарға егілді. Егіс көлемі өткен жылдан 14,4 мың гектарға ұлғайды. Елімізде алғашқы болып егін орағы басталған Түркістан облысында гектар түсімділігі 18,7 центнерге жетті. 500 мың тоннаға жуық дән жинау күтіліп отыр.
Бүгінгі күнге жоспарланған егіс көлемінің 200 мың гектары орылып (75 %), 350 мың тоннаға жуық астық қамбаға құйылған. Жалпы биыл Түркістан облысы ауыл шаруашылығында 1 трлн. теңгенің өнімі өндірілмек.
Бүгін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Төлеби ауданына барып, астық ору барысын көрді. Диқандармен кездесіп, өнімділікті арттыру, ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды қолдану мәселелері жөнінде пікір алмасты. Шаруалардың бірі мал азығын жиса, ендібірі егін орып, қамбаларға дән құюда. Облыс басшысы «Бірлік» өндірістік кооперативінің егіс алқабындағы бидай ору жұмыстарына оң бағасын берді. Аймақ басшысының тапсырмасына сай, биыл да өңір әлеуетін арттыруға айтарлықтай үлес қосуды міндеттеріне алған шаруалар егінге дер кезінде орақ салып, дала төсінде еңбектің көрігін қыздырды.
— Облыстың табиғи-климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, үш
негізгі бағытты дамытуға басымдық беріліп отыр. Бұл шағын және орта бизнесті дамытып, саладағы еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
Мемлекет басшысының жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану туралы тапсырмасы аясында жеке қосалқы үй шаруашылықтарында су үнемдеу технологияларымен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру тәжірибесі енгізілді. Жобаны іске асыру аз қамтамасыз етілген отбасылардың әлеуметтік жағдайларын жақсартуға, жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Тамшылатып суғару технологиясымен 10 сотық қосалқы үй шарушылықтары игеріліп, әрбір отбасы
1 млн. теңгеден астам қосымша табыс алуда,- деді Өмірзақ Шөкеев.
2021 жылы 525 жоба іске асырылды, оның ішінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант есебінен «Еңбек» бағдарламасы бойынша 162 жоба қолдау тапты. Ал биыл 1224 жоба жүзеге асырылуда.
Облыста масақты дақылдар 263,8 мың га орналастырылып, тікелей егу (нольдік) технология 4,5 мың гектарға қолданылды. Астық оруға қолда бар 759 дана астық комбайндары қатысуда.
Сонымен қатар биыл 3,1 млн. тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдері жиналады деп жоспарланып отыр.
Биыл мемлекет тарапынан көктемгі дала және күзгі жиын терім жұмыстары үшін 95,9 мың тонна жанар-жағар май (бағасы нарықтан 15-20 % төмен) бөлінді. 522 түрлі минералды тыңайтқыштардың құнын 50 % -ын субсидиялауға бюджеттен
6 млрд. теңге қаралған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі