13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Биыл күздік бидайдан алынатын өнім көлемі екі есеге артуы мүмкін

22 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Биыл күздік бидайдан алынатын өнім көлемі екі есеге артуы мүмкін
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Аудан әкімі Ұ.Сәдібеков Қарамұрт ауылдық округін аралау барысында бидай өсірумен айналысатын «Тажимат ата» шаруа қожалығының жұмысымен танысты.

Қожалықтың басшысы Хадиметов Дильмурад. Өзіне тиесілі жер көлемі 40 гектар аумақты құрайды. Жеріне егілген бидай сұрыпы «Стекловидная-24». Жиын терім науқанында 40 центнер гектарынан күтілуде. Бүгінгі таңда шаруашылықтың 6 техникасы бар, қосымша 3 техника жалға алынған.

Жалпы алғанда, аудан бойынша биылғы егілген дәнді бұршақты дақылдардың егіс көлемі 19 781 гектар. Оның ішінде күздік бидай 17001 гектарды құрайды.

Былтыр ауа-райының қолайсыз болуына байланысты күздік бидайдан алынған өнім көлемі гектарына 8,5 центнер болды.

Аудандағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 20-25 күн ішінде астықты толық орып, жинап алады.

Аудан аумағында күздік бидайдың «Стекловидная-24», «Память-43», «Интенсивная», «Красноводопадская-23» және «Третикале» (Орда) сорттары егіледі.

Сонымен қатар аудан әкімі Уласбек Садибеков Қарамұрт ауылдық округіндегі «Мехнат-21» өндірістік кооперативіне қарасты 2 өнім алынатын алқаптың жұмысымен танысты.

Аталған кооперативтің басшысы Тайжанов Абрордың сөзінше, жер көлемі 5 гектар аумақты құрайды. Бір жерінен бірінші өнімі 1000 бумаға жуық жоңышқа алынды. Екінші өнімі сүрлемдік жүгері егіліп, өсірілуде. Алдағы уақытта әр гектарынан 40 тонна көлемінде өнім алынатыны күтілуде. Ағын су және техника жеткілікті.

Аудан әкімі ауыл шаруашылығында өндірілетін өнімдердің сапасы мен сұранысын, сонымен қатар өнімділікті арттыру бағытында жұмыстарды жалғастырудың қажеттілігін атап өтті.

Диханшылыққа арналған мемлекеттік қолдаулар және өзге де көмек түрлерін ұсынды.

Айта кетелік, аудан бойынша биылғы егілген дәнді бұршақты дақылдардың егіс көлемі 19 781 гектар болса, соның ішінде дәндік жүгері 260 гектарды құрайды.

Previous Post

Мемлекеттік қызметшілерді бағалау және ротациялау жетілдірілуде

Next Post

Түркістан: Агроқұрылымдар күзгі жиын-терім кезінде мол өнімге қол жеткізбек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі