Қала әкіміне кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының 2022 жылдың І жарты жылдығының қорытындысымен атқарған жұмыстары бойынша есеп берді. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда: өнеркәсіп 10,1%, өңдеу өнеркәсібі 11,1%, инвестиция 19,5%, ШОБ субъектілері 26,4 %, бөлшек сауда 14,9 пайызға өскен.
Биыл өнім көлемі 856,9 млрд. теңге болады деп жоспарланған. 2022-2026 жылдар арасында 228 инвестициялық жоба жүзеге асырылатын болса, соның 50-і биылғы жылдың үлесінде. Оның ішінде инвестиция көлемі 52,8 млрд теңгені құрайтын 16 өнеркәсіптік жоба бар.
Өңірлер арасында іс-әрекеттегі шағын және орта бизнес саны бойынша Шымкент алғашқы орында; ЖӨӨ ШОБ үлесі бойынша үшінші орында; ШОБ-те адам саны бойынша төртінші орында болса; ШОБ өндірілген өнім көлемі бойынша алтыншы орынға тұрақтаған.
Есепті тыңдаған қала әкімі — алдағы жылдары жоспарға қойылған жобаларды кеңінен зерделеуді, индустриалды аймақтардағы кәсіпкерлік нысандарына талдау жүргізуді, өндірістік парктердің тиімділігіне талдау жасауды, көшпелі сауда орындарын бақылауға алуды тапсырды.
Ал, қала бойынша «Жастар практикасымен» 1500-ден астам жас жұмысқа жолданды. «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарында көрсетілген шаралардың оң динамикасы байқалады. Аталған жоспарда жұмысшы жастар ел дамуының негізі ретінде қарастырылып, осы санаттағыларды жұмыспен қамту шараларына басымдық берліген. Бұл бағытта «Жастар практикасы» бағдарламасының рөлі ерекше.
Мәселен, Шымкентте осы жылдың басынан 1500-ден астам жас мамандықтары бойынша «Жастар практикасымен жұмысқа жолданған. Жыл соңына дейін жоспардағы 2650 жасқа жолдама беру көзделіп отыр.
Өткен жылы аталған бағдарламаға 2500 жас қатысса, олардың 1000-нан астамы тұрақты жұмысқа орналасқан.
Жалпы, «Жастар практикасы» уақытша жұмыс орны болып есептелінеді. Бағдарламаға 29 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде (2020,2021,2022ж) жоғарғы оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білім түлектері қатыса алады. Бүгінгі таңда бағдарлама жалақысы 30 АЕК көтеріліп 91 890 тг. құрар отыр. Қатысу мерзімі 12 айға дейін ұзартылған
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі