13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Жылы суда 25 көше асфальттанады

22 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Жылы суда 25 көше асфальттанады
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында және билік пен бұқара арасындағы байланыстың ашықтығын нығайту, қоғамды одан әрі демократияландыру мақсатында Жетісай Ауданының әкімі Мұрат Кадырбек бекітілген кестеге сәйкес Жылы Су ауылдық округі тұрғындарымен Әл-Фараби елді мекенінде кездесу өткізді.

№41 Х.Доспанова атындағы жалпы орта мектебінің ауласында ашық аспан астында басқосуға Жетісай Аудандық Мәслихатының депутаты Рустем Наматуллаев пен Түркістан облыстық «Парвиз» этно-мәдени орталығының төрағасы Юлдаш Сұлтанов, аудан әкімінің орынбасары мен дербес бөлім басшылары, тиісті сала мамандары мен округ тұрғындары қатысты.

Ашық жүздесуде аудан басшысы жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасап, алдағы атқарылатын жұмыстар мен жобаларға тоқталды. Сонымен қатар, кездесуде Мұрат Болатұлы халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерге баса назар аударып, ауылдық округтегі II тоқсанда кездесу барысында көтерілген өзекті мәселелердің орындалу барысымен таныстырды.

Жылы су ауылдық округі бойынша жалпы ұзындығы 57,94 шақырымды құрайтын 68 ішкі көше орналасқан. Округ аумағындағы жөндеуді қажет ететін ішкі көшелерге бюджеттің мүмкіндігіне сәйкес орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Атап айтқанда, 2022 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 371 млн 404 мың теңгеге ауылдық округтегі Жылы су, Баққоныс және Байқоныс елді мекендеріндегі жалпы ұзындығы 18,9 шақырымды құрайтын 23 көшеге орташа жөндеу (асфальт төсеу) жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 11 көшенің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.

Ал, жергілікті бюджет есебінен 29 млн 113 мың теңгеге жалпы ұзындығы 1,13 шақырымды құрайтын Мырзашоқы елді мекеніндегі Береке және Баққоныс елді мекеніндегі Ақбұлақ көшелеріне орташа жөндеу және 18 млн 880 мың теңгеге Сейфуллин елді мекенінен Кәрім ата ауылына дейінгі аралыққа ұзындығы 1,6 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол салу жұмыстары жоспарланған.

Баққоныс елді мекенінен спорт алаңшасын салу үшін қазіргі таңда жер телімі қарастырылуда. Арнайы жер телімі анықталған соң спорт алаңшасын салуға тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Кездесу соңында аудан басшысы округ тұрғындарына жеке мәселері бойынша қабылдау өткізіп, қойылған сұрақтар мен көтерілген мәселелерге жауап берді.

Previous Post

Қ.А.Ясауидің өмірі жайлы мультфильм түсіруге ұсыныс білдірілді

Next Post

Денсаулық сақтау министрі Түркістанда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі