13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент:  Жыл соңына дейін  51 тұрғын үй тапсырылады

26 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкент:  Жыл соңына дейін  51 тұрғын үй тапсырылады
51
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы Ә.Рабаев мәлімдеді.

– Шымкент қаласының құрылыс басқармасы негізгі ірі құрылыс нысандарына жұмыс тапсырушы болып табылады. Оның ішіндегі негізгі нысандардың бірі тұрғын үй құрылысы болып табылады. Шымкент қаласында тұрғын үйге сұраныс өте жоғары екендігін ескере отырып, биылғы жылы 2 972 пәтері бар 51 тұрғын үй салынуда және жылдың аяғына дейін қолданысқа беру жоспарланып отыр, — деді басқарма басшысы.

Спикердің сөзінше, Шымкент қаласының құрылыс басқармасына 2022 жылы бюджет есебінен жалпы құны 56,8 млрд. теңгені құрайтын 90 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, 31 кредиттік тұрғын үй және 20 арендалық тұрғын үй салынуда.

Сонымен қатар, Инженерлік инфрақұрылым бойынша  15 нысан (Тұран ш/а 5 жоба, Бозарық ш/а 6 жоба, ӘІО 2 жоба және Жанаталап т/а 2 жоба) жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Әлеуметтік нысандардың құрылысы бойынша 13 нысанның (4 спорт нысаны, 3 мәдениет нысаны, 2 саябақ, 2 өрт сөндіру нысаны, 1 биотермиялық шұңқырдың және 1 денсаулық сақтау құрылысы) құрылысы жүргізіледі. Оның ішінде, 1 саябақ, 2 спорт нысаны, 1 өрт сөндіру нысаны және 1 биотермиялық шұңқырдың құрылысын биылғы жылы аяқтау жоспарлануда.

Сондай-ақ, 8 мектеп құрылысы, 1 колледж, 1 оқушылар сарайы және 1 балалар шығармашылық орталығының құрылысы жүргізілуде. Жылдың аяғына дейін 5 мектеп, 1 колледж және 1 балалар шығармашылық орталығын пайдалануға беру жоспарлануда.

Айта кетейік, қазіргі таңда қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің негізгі даму аймағы – Тұран шағынауданы болып отыр. Бекітілген егжей-тегжейлі жоспарларға сәйкес аумағы 194 гектар 12 орамға бөлінген. 1 млн 300 шаршы метр немесе 384 үй түседі. Бұдан бөлек 6 мектеп, 10 балабақша, 37 коммерциялық нысан және 30 гектарлық этносаябақ салынады. Биыл 4 орамда құрылыс басталды. Қазір «Тұран» шағынауданында 42 үй салынып жатыр. Соның ішінде Президент жариялаған 5-10-20 пилоттық жобасы бойынша 1600 пәтерлі 25 үй пайдалануға берілмек.

Шымкент қаласының Ақпарттық-коммуникациялық орталығы

Previous Post

Түркістан облысында коронавирус инфекциясы 1,2 есеге өскен

Next Post

Түкістан: Кентау қаласындағы тəлімбақты қалпына келтіру мәселесі назарға алынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі