13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түлкібас ауданында эпидемиологиялық жағдай тұрақты

26 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түлкібас ауданында эпидемиологиялық жағдай тұрақты
18
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өткен тәулікте облыс аумағында коронавирус инфекция 6 адамнан анықталған. Ауданымызға келетін болсақ жұқпалы инфекция анықталмады. Эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Аудан бойынша қажетті дәрі-дәрмек қоры 2-3 айға жеткілікті. Бұл жайында аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлының төрағалығымен өткен жиында аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Тельман Әлиұлы баяндады.

Бас дәрігер орынбасарының мәлімдеуінше, бүгінгі таңда індетті алдын алуға бағытталған ревакцинация жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізетін мекеме қызметкерлеріне екпенің 4 дозасы салынып жатқаның жеткізді.

Бұдан бөлек лездемелік жиында жаңа оқу жылына дайындық пен құрылыс саласындағы өзекті мәселелер мен атқарылып жатқан жұмыстар барысы қаралды.

Жиынды қорытындылаған аудан басшысы әр саладағы өзекті мәселелерге тоқталып, Заң аясында шешу мақсатында жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Аптап ыстыққа байланысты өрт қауіпі жоғары екендігін ескертіп, ауыл әкімдері мен тиісті мекеме басшысына тәулігіне 24 сағат өрт қауіпсіздігін бақылауда ұстауды тапсырды.

Барлық өңірлерде оның ішінде ауданымызда орын алып жатқан ауыз су тапшылығын реттеу бойынша тиісті тапсырмалар беріп, тазалық мәселесі де назардан тыс қалмауы керектігін атап өтті.

Сондай-ақ, жалпы облыс бойынша да  эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Соңғы он күнде коронавирус дертімен 181 адам тіркелген. Өткен тәулікте 11 тұрғын сырқаттанды. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ. Облыс бойынша қажетті инфекциялық төсек-орын ұйымдастырылған. Емделушілер арасында жағдайы ауыр ешкім жоқ. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында облыс аумағындағы коронавирус инфекциясын алдын алу мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндалды.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Түркістан: Жастардың жаңа жобаларына 1 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз грант беріледі

Next Post

«Аmanat»: Мобильді қоғамдық қабылдау жобасы Сайрамда жалғасты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі