13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында «Нәтиже» пилоттық жобасы іске асырылуда

22 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында «Нәтиже» пилоттық жобасы іске асырылуда
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Халық үніне құлақ асатын мемлекет. Тұрғындар үшін мемлекеттік қызметтерді алу және билікпен кері байланыс жасау әлдеқайда оңайырақ болмақ. Азматтардың өтініштерін қабылдауда жүйелі мәселелерді болдырмау мақсатында өнірде «Нәтиже» пилоттық жобасы қолға алынды. Жаңа жоба «бір терезе» қағидаты бойынша әзірленген. Қостанай, Павлодар, Түркістан облыстарының әкімдіктерімен бірлескен «Нәтиже» мемлекеттік қызметтер алу және өтініш беру орталығы пилоттық жобасы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бастамасымен ағымдағы жылдың мамыр айында іске қосылған болатын.

Пилоттық жоба халыққа қызмет көрсету процесін азаматтар үшін әлдеқайда қолайлы әрі қолжетімді ету үшін әзірленген және 2022 жылдың күзіне дейін үш өңірде сынақтан өткізіледі. Жоба азаматтардың өтініштерін қабылдау, өтініш берушілердің сұрақтары бойынша консультациялар жүргізу және мемлекеттік қызметтер көрсетуді бір алаңға шоғырландырудың көрінісі болып табылады.

Сонымен қатар өңірдің әрбір тұрғыны үшін қызмет ресімдеу, өтініш тіркеу, өзін қызықтырған сұрақтар бойынша мамандардың кеңесін алу, сондай-ақ әкімнің және жергілікті атқарушы органдардың бөлім басшыларының жеке қабылдауына жазылу мүмкіндігі бар.

Азаматтар тарапынан жоба ыңғайлы әрі қолжетімді сервис ретінде танылған жағдайда 2022 жылдың күзінде Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде енгізіледі. Жаңа жоба «бір терезе» қағидаты бойынша әзірленген.

«Азаматтарға арналған үкімет» Түркістан облыстық филиалының мәліметінше, мамыр айынан бастап пилоттық жоба бойынша кызмет көрсетіліп келеді.Осылайша Түркістан облысында «Нәтиже» пилоттық жобасы іске асырылуда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Түркістан: Деструктивті діни ағымға қарсы насихат жұмыстары жүргізілді

Next Post

МҚІА: Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа тетіктері әзірленді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі