13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Мақтааралда 200 мың тоннаға жуық қауын-қарбыз өсірілді

22 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Мақтааралда 200 мың тоннаға жуық қауын-қарбыз өсірілді
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі таңда Мақтаарал ауданында қауын-қарбыз бизнесінің қайнап тұрған кезі. Аудан шаруалары өз өнімдерін еліміздің ішкі нарығымен қатар, экспортқа шығаруда. Күн сайын 200-300-ге тарта қауын-қарбыз тиелген жүк көліктері ТМД, Балтық жағалауы елдеріне, Түркия, Германия, Грекия елдеріне жол тартып жатыр. Аудан әкімі Бақыт Асанов бақшаны ауданда ең көп егетін А.Қалыбеков ауылдық округінде болып, диқандардың жағдайымен және қауын-қарбыз экспортының жұмыс барысымен танысты.

Биыл Мақтаарал диқандары 14607 гектар жерге бақша дақылын еккен. Оның ішінде 3332 гектар жерге пленкалы қауын, 362 гектар жерге пленкалы қарбыз, 10643 гектар жерге ашық қауын және 270 гектар жерге ашық қарбыз егілген. Қазіргі таңда бақшадан жалпы көлемі 200 мың тоннаға жуық қауын-қарбыз өнімі өндіріліп, оның 80%-ы шет мемлекеттерге экспортталды.

«Жиенбет», «Валеть» сияқты сорттары тасымалдауға ыңғайлы. Дәмі тіл үйіретін жаңа сорттардың арқасында соңғы жылдары мақтааралдық диқандар үлкен табыс тауып, Ресей мен Еуропаның нарығына еркін еніп отыр. Сондай-ақ бәсекелестік ортада жерлестеріміз Өзбекстан мен Түркіменстан елдеріне де дес бермей келеді.

Қазіргі таңда Мақтаарал ауданының кіреберісіндегі логистикалық орталық жүк көліктеріне лық толған. Еуропадан және басқа да елдерден келген кәсіпкерлер үшін орталықта барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, қонақ үй, кафе, автотұрақ, бассейн кешені, қосалқы бөлшек дүкені және көкөніс сақтау қоймасының қызметтері қарастырылған. Осылайша аудан әкімі Бақыт Асанов бақшаны ауданда ең көп егетін А.Қалыбеков ауылдық округінде болып, диқандардың жағдайымен және қауын-қарбыз экспортының жұмыс барысымен танысты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Денсаулық сақтау министрі Түркістанда

Next Post

Түркістан: Деструктивті діни ағымға қарсы насихат жұмыстары жүргізілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі