13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Келес ауданындағы қордаланған мәселелер шешілуде

25 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Келес ауданындағы қордаланған мәселелер шешілуде
43
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Келес ауданында қордалаған мәселелерді шешу үшін бірқатар шаралар қолға алынды. Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің халықпен кездесуінде көтерілген құрылысы тоқтап қалған инфрақұрылым мәселелері шешімін тапты. Газбен қамту, сапалы электрмен және ауыз сумен қамту секілді өзекті проблемалар қайта жанданды. Бұл туралы аппарат отырысында Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев аудандағы өзекті мәселелер туралы баяндады.

Атап айтқанда, Келес ауданындағы «Абай» АГТС-нің құрылыс-монтаж жұмыстарын тамыз айының аяғында аяқтап, қабылдау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. 2019 жылы бастау алған құрылыс араға уақыт салып, қайта жанданды. Нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылған жағдайда Абай ауылы, Қошқарата, Ұшқын, Біртілек ауылдық округтерінің елді мекендерін толық табиғи газбен қамтамасыз етуге «Абай» АГТС қуаты жететін болады.

Облыстың оңтүстік аумағында орналасқан 5 ауданын (Келес, Сарыағаш, Мақтарал, Жетісай, Шардара) сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 220/110/10 кВ «Қызыләскер» қосалқы стансасының құрылысына 7,2 млрд. теңге және осы «Қызыләскер» қосалқы стансасынан екі 110 кВ электр желісін (91 км ЭЖ) салу құрылысына 1,8 млрд. теңге жоспарланған. Облыс аумағындағы елдімекендерді сапалы, тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етудің 2019-2022 жылдарға арналған іс шара жоспарына сәйкес 200-ге жуық ауылды сапалы электр қуатымен толығымен қамту жоспарланған.

2018 жылы 4 дана автотрансформатор орнатылып және Сарыағаш ауданында орналасқан Жылға ҚС-нан «Қызыләскер» ҚС дейін 72,2 шақырым электр желісі жүргізіліп, жұмыстар толығымен аяқталған. Осы нысанды қосу-реттеу жұмыстарын жүргізуге мамыр айында облыстық бюджеттен 188,5 млн. теңге қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде. «Қызыләскер» ҚС құрылыс жұмыстарын қыркүйек айында аяқтап, қабылдау жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Нәтижесінде облыстың оңтүстік аймақтары өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы нысандары тұрақты және сапалы электр энергиясымен қамтылады.

Келес ауданында 468,6 млрд. теңгені құрайтын, аумағы 500 гектарға жуық жылыжай кешені салынады. Ол үшін 466 гектар жер бөлінбек. Сондай-ақ биыл «ECOCULTURE-EURASIA» ЖШС-і жалпы құны 25 млрд. теңгені құрайтын 27 га жер учаскесіне жылыжай кешенін салу жоспарлап отыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Түркістан: Ордабасыда қарттар мен мүгедектерге арналған орталық ашылды

Next Post

Түркістан облысында эпиджағдай тұрақты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі