13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түлкібаста жайылым жер жетіспеушілігі шешілу үстінде

25 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түлкібаста жайылым жер жетіспеушілігі шешілу үстінде
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Облыстық партия филиалының мобильді қоғамдық қабылдауы жұмысын Түлкібас ауданында жалғастырды. Машат елді мекенінде өткен ашық алаңдағы жиынға «AMANAT» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Азамат Біржанов, өңірлік партия филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев, жауапты басқармалар мен салалық бөлім басшылары, фракциядағы мәслихат депутаттары қатысты.

Қабылдауға жалпы 24 тұрғын келіп, елді мекендегі шешімін күткен мәселелерді жеткізді. Солардың бірі зейнеткер С.Сүттімбеков ауыл шаруашылығына қатысты сұрақтарына жауап алып қайтты.

— Жалпы Машат елді мекенінде әлеуметтік мәселе біршама шешілген. Газбен және ауыз сумен қамту, медициналық көмек көрсету, мектеп салу мәселесі оң жолға қойылған. Дегенмен шешілмеген мәселелер де бар. Ауыл халқының күнкөрісі мал шаруашылығына байланысты болғандықтан, жайылым жер жетіспеушілігі туындап отыр. Бүгін «AMANAT» партиясының бастамасымен өтіп жатқан қабылдауда осы мәселені айттым, — дейді машаттық ардагер.

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлім басшысының орынбасары У.Ботбаев аталған мәселеге қатысты заң аясында түсіндірме берді.

— Ауыл округте 1500 гектар көлемінде жер бар. Соның 640 гектары тұрақты ортақ  пайдалануға берілген. Ал 470 гектар меморандум арқылы кедергісіз мал жаюға рұқсат берілді. Бірақ қайтарылатын жерлер бар. Мәселен, биыл жылдың аяғына дейін 300 гектар жерді қайтару жоспарда бар. Ол бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде, — деді жауапты бөлім өкілі.

Жалпы халықтың партияға деген сенімі артқан. Оған себеп келіп түскен өтініштердің оң шешілуінде деп түсіндіреді облыстық партия филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары П.Тұрсынбаев. Мәселен, биыл қаңтар-маусым айларында аймақтық және 17 аумақтық партия филиалында 9735 өтініш тіркелген. Оның 5066-сы оңтайлы шешілсе, 4546 шағымға заң аясында кеңестер мен түсіндірмелер берілген. Ал қалған арыздар қаралу үстінде.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Previous Post

Балабақшаларды лицензиялау 2024 жылы басталады

Next Post

Түркістан облысында 325,5 мың гектар жайылым елге қайтарылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі