13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Халық қатысатын бюджет үлесі 2 есеге артты

20 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Халық қатысатын бюджет үлесі 2 есеге артты
Share on FacebookShare on Twitter

Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған «Халық қатысатын бюджет» жобасы өзінің нәтижелілігн көрсетуде. Еңбекші ауданында 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы халық қатысатын бюджет үлесі 1,8 есеге артқан.

Бұл жылы 79 үй ауласы абаттандырылады. Алғашқы кезеңде 58 үй ауласы, 2-кезеңде 21 үй ауласы жөнделеді.

Жоба аясында аумақты көгалдандыру, тротуарларды жайластыру, пандустар қою, арықтар салу және жөндеу, қоқыс тастайтын жерлерді жою, ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру, ойын және жаттығу алаңдарын құру, онда жабдықтар орнату секілді жұмыстар жасалады.

Шымкент қаласында  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында, өңірлік тұрақтандыру қорының айналым бағыты негізінде  «Magnum Cash&Carry» ЖШС-мен келісімшарт түзілген.

Келісімшарт негізінде, әр тоқсан сайын бірінші қажетті әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауарларына комиссия шешіміне сәйкес бағалар бекітіледі.

Бүгінде келісімшарт талаптарына сәйкес, Шымкенттегі 18 сауда желісінде құмшекердің бөлшек бағасы 440 теңгені құрайды. Бұл баға қала аумағында төмен бағалардың бірі болғандықтан «спекуляцияны» болдырмау мақсатында  бір адамға босатылатын көлемге шектеу қойылған. Сол себепті шекермен тұрғындарды қамту үшін кезекпен берілуде.

Қазіргі таңда Шымкент қаласында шекер жеткілікті көлемде және тұрғындардың «қант тапшылығы болады деп»  негізсіз дүрлігуге бармауын сұраймыз. Еңбекші ауданындағы 702 көшенің 15-і магистралдық, 596-сы ішкі орамдық көшелер. Оның ішінде 437 көше асфальт, 158-і тас жол, 16-сы топырақ жол. Өткен жылы 57 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Биыл 132 көше жөнделеді.

2025 жылға дейін ұзындығы 200 шақырымды құрайтын 174 көше орташа жөндеуден өтеді. Осы жылы сапалы жолмен қамту көрсеткіші 76 пайызға жетеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкентте 6 елдімекенде ауыз су құрылысы басталды

Next Post

Предложения, касающиеся генплана Шымкента, будут дифференцированы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі