13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

АСАННЫҢ АТЫНАН БЕТПЕРДЕЛЕР ТАРАТЫЛДЫ

12 июня, 2020
in Қоғам
0
АСАННЫҢ АТЫНАН БЕТПЕРДЕЛЕР ТАРАТЫЛДЫ
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі таңда бүкіл әлемді алаңдатып отырған коронавирус індетінің күннен-күнге өршіп отырғаны баршамызға аян. Аспанасты елінен бастау алған бұл вирус қазіргі таңда жарты жаһанды жаулап отыр. Барлық жағдайды ескере отырып, біздің елде де карантиндік режим енгізілді, шектеулер жасалды. Аталмыш ауруды жұқтырмаудың бірден-бір жолы – сақтық шараларын сақтап, тәртіпке бағыну. Бір реттік бетперде тағып, қолды үнемі залалсыздандырып отыру.
Міне осыған байланысты бүгін Жетісай қаласындағы адамдар көп шоғырланатын базарлар мен дүкендерде, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен квазимемлекеттік мекемелерде аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері мен орталық жанынан құрылған ерікті жастар тобы, аудандық полиция бөлімінің инспекторлары бірлесе отырып аудан тұрғындарына короновирустың алдың алу, болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, медициналық бетперделер таратты. Әсіресе, қала ішінде адам тасымалымен айналысатын такси жүргізушілеріне тәртіпті қатаң сақтау керектігін жеткізді.
Айта кетейік, айтулы шарада медициналық бетперделердің тұрғындарға тегін таратылуында қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, Жетісайдың төл перзенті, әнші-композитор Асан Пердеш демеушілік жасады.

Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

ТҮРКІСТАННАН МЕККЕГЕ ҰШАҚ ҚАТЫНАЙДЫ

Next Post

ЕРІКТІ БОЛУ - ЕРЛІК!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі