13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауды газдандыруда Түркістандық тәсіл қолданылады

19 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Кентауды газдандыруда Түркістандық тәсіл қолданылады
29
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласын табиғи газбен қамту жұмыстары Түркістан қаласын газдандыру тәсілімен жүзеге асатын болады. Осы мақсатта арнайы жұмыс тобы құрылмақ. Осы жылдың соңына дейін шаһардың 30 пайызын  газбен қамту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында Кентау қаласының әкімі Рашид Аюпов Кентаудағы басқа да өзекті мәселелері туралы баяндады.

Ауыз су және кәріз жүйесімен, жылумен қамтамасыз ету мәселелері де бүгінде  күн тәртібінде тұр. Кентау қаласындағы ауыз су құбырының жалпы ұзындығы — 469 шақырым. Кәріз жүйесі — 100 шақырымға жуық. Мәжілісте тозығы жеткен құбырларды ауыстыру мәселесі де талқыланды. Көп қабатты үйлердің аулаларын абаттандыру, яғни балалар ойын алаңшалары мен спорт алаңшаларын орнату мәселесі де ортаға салынып, мәселенің оң шешімін табу жолдары қарастылыды.

Қазіргі уақытта Кентау қаласының жер асты суларының деңгейін төмендету мақсатында «Кеңсай-Қосқорған» су қоймасын одан әрі толықтыра отырып, Кентау қаласында су төмендету жүйесін салу бойынша II кезеңнен тұратын жобасын іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Қаланы су басудың алдын алу бойынша жобалаудың екінші кезеңі төрт дербес жұмыс жобасын қамтиды.

Ауқымды жоба аясында Мырғалымсай кен орнының жер асты суларының қазбаларына сүзілу және құламаудың алдын алу үшін «Кеңсай-Қосқорған» су қоймасына тасқын суларды бұру үшін Хантағы өзенінде су торабы салынады. Сондай-ақ арық жүйесін қалпына келтіру арқылы Кентау қаласындағы микроклиматты ұстап тұру үшін суды төмендету жүйесінің суы ішінара пайдаланылады. Қосымша Кентау және Түркістан қалалары аймақтарын суармалы сумен қамтамасыз ету қарастырылған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Бесінші ауданға «Тұран» атауы берілмек

Next Post

Арыс қаласында заманауи үлгідегі демалыс орны ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі