13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: 155 шақырымды құрайтын 80 нысанда жол құрлысы аяқталды

14 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкент: 155 шақырымды құрайтын 80 нысанда жол құрлысы аяқталды
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов арнайы БАҚ өкілдеріне баспасөз брифингін берді.

Брифинг барысында жарты жылда атқарылған жұмыстарын қортындылаған басқарма басшысы қаладағы жол құрылысы, жол қауіпсіздігі және аялдамалар орнату жұмыстарына кеңінен тоқталып өтті.

«2022 жылы орташа жөндеу жұмыстары бойынша, бүгінгі таңда ұзындығы 155 шақырым болатын 80 нысанда жұмыстар аяқталды, қалған 72 нысанды ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін толық көлемде аяқтауды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде магистральды 10 көше бар. Олар: Республика, Рысқұлов, Иляев, Тәшенов, Ақназар хан, к. Цеткин, Жолан батыр, Дулати, Мангелдин, Тоқаев көшелері.

Қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 167 нысанға немесе 308 көшеге жүргізілуде.

Ағымдағы жылы ірі нысандар бойынша Қонаев даңғылы 3 кезеңі, Қонаев-Рысқұлов жолайрығының құрылысын және Самал-1,2,3, шағын ауданындағы жол құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.

Құрылыс жолағына түсетін жер учаскелерін мемлекет мұқтаждығына қайтару бойынша мәселелер дер кезінде шешілсе, шығыс және оңтүстік айналма жолының құрылысын аяқтау жоспарда бар», -деді спикер.

Сондай-ақ, Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысында жолайрықтың құрылыс жұмыстарына тоқталған спикер, 2022-2023 жылдар аралығында үш деңгейлі жолайрық құрылысы қаланың көлік қозғалысын реттеудің кешенді жоспарына сәйкес жүзеге асады деді. Нәтижесінде аталған көшелердің көлік өткізгіштік деңгейі екі есеге артатынын болады.

Жолайрықтың техникалық сипатына орай Бәйдібек би даңғылында 700 метр, Арғынбеков көшесінде 921 метр көше аралығы құрылыс аумағына енген. Жоба бойынша ені 80 метрлі төрт-алты жолақты автомагистраль салынып, жол жиегіне жаяу жүргіншілер және веложол төселмек. Ал Бәйдібек би даңғылында көпір өткелі конструкциялары орнатылуда.

Естеріңізге сала кетейік, жолайрықтың Бәйдібек би бойындағы көлік қозғалысы 6 шілде күні жабылған. Жоспарға сәйкес, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Бәйдібек би даңғылы бойымен солтүстік бағытта көлік қозғалысы жартылай ашылады. Ал оңтүстік бағытта көлік ағыны Арғынбеков көшесінн бұрылып Байтұрсынов көшесіне қарай өтеді.

Көлік қозғалысы үшін Арғынбеков көшесіне альтернативті магистралдар ретінде Рысқұлов және Төлеметов көшелері белгіленген.  Ал, Бәйдібек би даңғылына альтернативті көше ретінде Бәйтереков, Шаяхметов және Өтегенов көшелері белгіленген болатын.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасына сәйкес қалаішілік орталық көшелерге 178 аялдама павильонын орнату жоспарланып отыр. Бүгінде қала ішінде жоспарға сәйкес 14 аялдама  павильоны қойылған. Аялдама орнату жұмыстары шілде айында басталды. Аталмыш жұмыстарды орындау  «Strong Servise» ЖШС және   «Aicom» ЖШС-на тапсырылған.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Previous Post

Түркістан: Кезекті кездесу Қарақайда өтті

Next Post

Шымкент: Завершено строительство 80 объектов протяженностью 155 км

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі