13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Балаларды оңалту емі мен скринингтік тексеру жұмыстары жүргізілуде

13 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Балаларды оңалту емі мен скринингтік тексеру жұмыстары жүргізілуде
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін  Шымкент қалалық №6 емхананың мәжіліс залында «Балалар жылы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту емі мен скринингтік тексеру жұмыстары» бойынша емхананың бас дәрігері  Айгүл Қылышбаева  БАҚ өкілдеріне баспасөз брифингін берді.

Брифинг барысында, 0-17 жас аралығындағы балалар скринингі мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидаларын турасында сөз қозғалды.

«0-17 жас аралығындағы балалар бойынша профлилактикалық тексеріп қараудың көлемі арнайы мамандардың зерттеулерінен өтеді.  Орта және жоғары білімі бар мейіргерлер, педиатр, стоматолог, хирург , невропатолог, офтольмолог, эндокринолог, уролог, отолорионголог, отбасылық дәрігерлері медициналық қарап-тексеруден өткізеді.»-деді спикер.

Профилактикалық медициналық қарап-тексеру аяқталғаннан кейін бейінді мамандардың қорытындысы мен зертханалық-диагностикалық зерттеулерді ескере отырып, педиатр дәрігер, терапевт дәрігер немесе ЖПД «денсаулық тобын» айқындай отырып, балалардың денсаулық жағдайына кешендік бағалау жүргізеді. Және денсаулық тобын көрсете отырып физикалық және нервтік-психикалық дамуын бағалаумен эпикриз бен қорытынды ресімделеді.

Сонымен қатар, аудиологиялық скрининг жаңа туған нәрестелердің, ерте жастағы балалардың есту қабілетінің бұзылуын уақтылы анықтау, ерте араласу, мүгедектікке әкелетін ауруларды оңалту және алдын алу үшін жүргізіледі.

Аудиологиялық скринингтің міндеттері: -барлық жаңа туған нәрестелерді, ерте жастағы балаларды және 6 жастағы балаларды қоса алғанда қамту;  — одан әрі тексеру, уақтылы араласу және оңалту үшін есту қабілеті бұзылуының тәуекел топтарын ерте анықтау (жүргізілген аспаптық зерттеулердің нәтижелерімен «Өтпеген»);  — есту қабілетінің бұзылуы (құлақ мүкістігі және кереңдік) қаупі бар балаларды одан әрі тереңдете тексеру үшін сурдологиялық кабинеттерге (орталықтарға, бөлімшелерге) жіберу;                                                                                                                                                                    — есту қабілеті бұзылған балаларды тереңдетілген педагогикалық тексеру және түзете-дамыта оқыту мәселелерін шешу үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жіберу; тексерілген пациенттерді есепке алу медициналық құжаттамаға (МАЖ) деректерді енгізу;                                                      есту қабілеті бұзылған балаларды емдеу, түзету мәселелері бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) консультациялық көмек көрсету.

Аудиологиялық скринингті ұйымдастыру екі кезеңнен тұрады:

1)бірінші кезең-жаңа туған нәрестелерге меншік нысанына қарамастан босандыру ұйымдарында жүргізілетін неонаталдық аудиологиялық скрининг;

2) екінші кезең – аудиологиялық скрининг, ол 3 ай, 1 жыл, 2 жыл, 3 жыл, 6 жасты қоса алғанда меншік нысанына қарамастан МСАК медициналық ұйымдарының балаларды дамыту кабинеттерінде жүргізіледі.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Previous Post

Год ребенка: В Шымкенте работают 39 кабинетов по развитию ребенка

Next Post

Шымкент: Проводится скрининговое обследование и реабилитационное лечение детей

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі