13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы

15 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы
Share on FacebookShare on Twitter

Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мақсатында «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне бірнеше өзгерістер енгізілді.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін барлық азаматтық хал актілерді тіркеуге электронды түрде ЭЦҚ(электронды цифрлы қолтаңба) арқылы Үкімет порталының «Egov.kz» сайты арқылы өтініш жіберуге мүмкіндік қарастырылған.

Демек, барлық азаматтық хал актілерін тіркеу үшін электронды өтініш беріледі.

Сондай-ақ, сот шешімі негізінде неке бұзуды тіркеу процедурасы автоматтандырылды. Яғни, соттың күшіне енген шешімі «АХАТ» тіркеу пункті» ақпараттық жүйесіне түсіп, неке қию туралы акт жазбасына неке бұзылған жөнінде белгі қойылады. Белгі соғылғаннан кейін, неке бұзу туралы куәлігі берілмейді.

Жоғарыдағы аталған өзгерістер қызметтің көрсету мерзімін қысқартуға және материалды шығынды азайтуға, сондай-ақ цифрлы форматқа өтуіне ықпал жасау үшін.

Кодекстің 268 бабына сәйкес, қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін негіз:

1) медициналық ұйым берген, қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжат;

2) қайтыс болу фактісін белгілеу туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі негіз болып табылады.

Осы  бапта көзделген қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін негіздер акт жазбаларын мемлекеттік тіркеуге арналған ақпараттық жүйеге электрондық түрде келіп түседі.

Егер мәлімдеме беруге уәкілеттік берілген адамдар медициналық ұйым белгіленген нысандағы құжатты берген немесе соттың қайтыс болу фактісін анықтау немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш бермесе, онда тіркеуші орган акт жазбаларын мемлекеттік тіркеуге арналған ақпараттық жүйеге келіп түскен қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу негізіне сәйкес, қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы жазбаны өз бетінше жүргіз.Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша 2020 жылдың  12 қазанынан бастап қайтыс болуды тіркеуге қатысты қызметтерді көрсетудің оңтайландырылған үрдісі пилоттық режимде іске қосылды.

Пилоттық жобаның жүргізілу кезеңіне қайтыс болған адамды жерлеу, жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақыны төлеу, қайтыс болған адамның зейнетақы жарналарын алу, мұраны ресімдеу және басқа да қызмет түрлерін көрсету кезінде, азаматтардың өлімі туралы, перинаталдық өлімі туралы медициналық куәліктерді, қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы  куәліктерді міндетті түрде ұсыну талабы алынып тасталды.  Бұл ретте, қайтыс болған адамдар туралы мәліметтер ақпараттық жүйелердің интеграциясы арқылы не қайтыс

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентәділет департаменті
Previous Post

Түркістан: Кәсіпкерлерге арналған несиелеу бағдарламалары түсіндірілуде

Next Post

«AMANAT» жастар қанатының VI Съезі мәреге жетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі