13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бар мейірім балаларға!

14 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Бар мейірім балаларға!
Share on FacebookShare on Twitter

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялағаны көпшілікке белгілі. Сол кезде Мемлекет басшысы: «Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз», — деген еді.

Расында, балаларға дұрыс тәрбие беріп, оң жол сілтеу әрі өнер мен шаруаға бейімдеу баршамыздың міндетіміз. Өзім балабақшада тәрбиеші болғандықтан бала тәрбиесінде үлкен жауапкершілікке иемін десем артық айтқандығым емес. Балаларға уақытыңды бөлу өз ісіңмен сүйіп айналыссаң жалықтырмайды. Мәселен, биыл Сауран ауданына қарасты Құмтүйін ауылындағы «Құлыншақ-1» балабақшасының балдырғандарын бөбекжаймен қоштасты.

22 жас бүлдіршін енді келер жылы мектеп табалдырығын аттамақ. «1 маусым — Балалар күні» мейрамы қарсаңында аудан орталығында ұйымдастырылған мерекелік концертте біздің бүлдіршіндерден құралған би тобы алғаш рет көпшілік алдында өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық қошеметіне ие болды. Сонда қалай қуанғаным әлі есімнен кетпейді! Балалар да мәз-мейрам. Дәл сол күні аудан басшысы Ғани Құрмашұлының Алғыс хатына ие болып, қуанышым еселене түсті.

Балалар — біздің болашағымыз. Егер бүлдіршіндерді махаббатқа бөлеп, оларға жол ұсына алсақ келешек қоғамның сапалылығына да үмітпен қарай аламыз. Тек жылдың бір күнінде ғана емес, күнтізбенің әр күнінде бар мейіріміміз балаларға төгілсе екен!

Бәтес Есекеева,

«Құлыншақ-1» балабақшасының тәрбиешісі.

Previous Post

Касательно применения POS-терминал

Next Post

Түркістанда 50 мыңға жуық пәтер пайдалануға беріледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі