13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

САРЫАҒАШТЫҚ ДИҚАНДАР АҒЫНСУДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРМЕЙДІ

1 июня, 2020
in Қоғам
0
САРЫАҒАШТЫҚ ДИҚАНДАР АҒЫНСУДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРМЕЙДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Сарыағаш ауданының шаруалары ағын судан тапшылық көрмейтін болады, Өйткені мұндағы каналдар кезең-кезеңімен бетондалып жатыр. Солардың бірі – Жібек жолы және Қабланбек ауылдық округтерін кесіп өтетін ұзындығы 18 шақырымды құрайтын «Қожахан» каналы. Бүгінде мұнда құрылыс жұмыстары қыза түскен.

Құрылысы 2019 жылы шілде айында басталған жобаның жалпы құны – 1,55 млрд теңгені құрайды. Меншік иесі – «Сарыағаш ауданы су шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі. Құрылысқа жауапты мекеме – «Гидроқұрылыс» ЖШС-гі. Нысанның негізгі мақсаты – Сарыағаш ауданындағы 1300 гектар аумақты ағын сумен қамту. «Бұл жобаның құрылысы биылғы жылдың желтоқсан айында толық аяқталады. Бұған дейін каналдың су өткізу қабілеті секундына 5 текше метрді құраса, құрылысы біткеннен соң бұл көлем едәуір арта түсетін болады. Бұдан бөлек, канал бетондалғаннан соң 1500 гектар егістік жерді ағын сумен қамтамасыз етіп, су үнемділігі 30 пайызға жетеді»,- дейді «Сарыағаш су шаруашылығы» ЖШС-нің директор орынбасары Нұрғали Арызқұлов. Жалпы, Сарыағаш ауданы бойынша 9 мың гектар суармалы жер бар. Бұл көлем жыл санап артып келеді. Осы егістік алқаптарды ағын сумен қамтып отырған ірілі-ұсақты 20 канал бар. Оның ең кішісі секундына 2 текше метр су тасымалдайды.

Previous Post

Түркістан: Балық аулаған браконьерлер ұсталды

Next Post

ЖАС КӘСІПКЕР ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛҒА АЛҒАН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі