13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ынтымақтастық  меморандумына қол қойылды

13 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Ынтымақтастық  меморандумына қол қойылды
55
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еуропа қайта құру және даму банкінің Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Харгитай Жужаннамен кездесу өткізді.

Кездесуде Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға көшу шеңберінде Шымкент қаласын дамыту, Қазақстанның «Жасыл қалалар» бағдарламасын енгізу және дамыту арқылы 2060 жылға қарай Париж келісімінің мақсаттарына және көміртегі бейтараптығына қол жеткізуі, ЕҚДБ-ның Қазақстандағы энергетика, көлік және коммуналдық инфрақұрылым және жасыл экономика саласындағы көрсеткіштері жайлы сөз қозғалды. Сондай-ақ, Шымкент қаласы мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі басымдықтары талқыланды.

ЕҚДБ тарапынан Шымкент қаласында шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау білдіру жұмыстарының жалғасы табылатындығы жеткізілді.

Кездесу барысында қала әкімі ынтымақтастықты нығайтуға ниетті ЕҚДБ өкілдеріне алғысын білдіріп, тараптар өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Сонымен қатар ,Шымкентте  достық пен татулықты дәріптеген шеруі жүріп өтті. Еліміздің «Бейбітшілік және келісім» қайырымдылық қоры ұйымдастырған «ЕУРОПА-АЗИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ШЕРУІ» Шымкент қаласына жетті. Дәстүрлі шеру биыл 16-шы рет өтуде.

Достық пен татулықты, бейбітшілік пен келісімді дәріптеген іс-шара Ордабасы алаңынан басталып, Абай саябағында жалғасты. Топ жетекшісі Руслан Абдуллин Шымкент қаласы зор қошеметпен қарсы алғанын атап өтіп, шаhардың одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестігін жеткізді. Іс-шара Шымкент қалалық мәдениет үйі өнерпаздарының концертіне ұласты.

Халықаралық бейбітшілік пен келісім шеруі 1 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласынан басталды. Бүгінгі дейін Қарағанды, Алматы, Бішкек, Тараз қаласында болды. Топ мүшелері ұлтына, дініне қарамай, адамдарды бірлік, ынтымаққа шақыруды мақсат еткен. Шеру Шымкенттен әрі қарай Түркістан қаласына аттанады. Келешекте Еуропа қалаларын аралау жоспары бар.

Previous Post

Түркістан: Ордабасы ауданында үйіргелік жер үлесі артады

Next Post

Балалар жылы: Шымкентте  баланы дамыту бағытында  39 кабинет жұмыс жасайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі