13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан қаласындағы «Ақжол» ЖШС жұмысшыларының жалақылары заңмен реттеледі

12 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан қаласындағы «Ақжол» ЖШС жұмысшыларының жалақылары заңмен реттеледі
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласының әкімдігі, прокуратура мен еңбек инспекциясы «Ақжол» ЖШС жұмысшыларының жалақы ала алмау мәселесі бойынша тексеріс аяқталғаны жөнінде баспасөз конференциясын өткізді.

«Ақжол» ЖШС-да 752 жұмыскердің алдында осы жылдың наурыз, сәуір және мамыр айлары үшін жалпы сомасы 232 млн 449 мың теңге жалақыдан қарыз орын алғаны анықталғанын айтты. «Ақжол» ЖШС-і ҚР ӘҚБтК-нің 87-бабы 1-тармағына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тексеру қорытындысы бойынша «Ақжол» ЖШС-і басшысы атына ҚР Еңбек заңнамасының бұзушылықтарын жою бойынша орындалуы міндетті нұсқама берілген. Нұсқама талабын орындату бойынша басқарма тарапынан жұмыс жүргізілуде», — деді Түркістан облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысының м.а. Асқар Сейтқазин.

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтың мәліметінше, «Ақжол» ЖШС 2017 жылдан бері қосалқы мердігер ретінде қала аумағындағы бірнеше құрылыс жұмыстарына қатысып келген. 2021 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ тас жолынан Отырар мөлтек ауданына баратын жолдың күрделі жөндеу нысанына қатысты қазіргі таңда сот процесі жүруіне байланысты қала әкімдігі тарапынан қаржы аударылмаған. Сот аяқталған соң, шешіміне сәйкес төлемдер жүргізілетін болады», — деді шаһар басшысы.

«Ақжол» ЖШС жұмысшыларына жалақы төлей алмауының негізгі кредиторлық берешегі — құрылыс материалдары құнының өсуімен немесе жоғарыда аталған ЖШС-ң мердігер немесе қосалқы мердігер болған жеке компаниялармен байланысты туындаған.

«Көтеріліп отырған мәселеде де «Ақжол» ЖШС бас мердігер емес, қосалқы мердігер ретінде жұмыстар жүргізген. Алдағы уақытта серіктестік өздерінің атқарған жұмыстарын бас мердігерге толыққанды дәлелдеп берген жағдайда айтылған соманың барлығы төленеді. Бас мердігер мен қосалқы мердігер арасындағы мәселеге араласу әкімдік құзырына кірмейді. Аталған мәселе сотқа дейінгі реттеу тәртібімен немесе экономикалық сотта шешілуге тиіс. Митингілер мен шерулер мұндай мәселелерді шешпейді», — деді қала әкімі.

Қаланың бас прокуроры Жаннұр Ахметбек кез келген жұмыс беруші жұмысшылардың еңбекақысын заңмен көзделген мерзімде толық төлеуге міндетті екенін айтып, «Жұмыс берушінің жалақы төлеуде біреуге сілтеме жасап, жалтаруға құқы жоқ», — деді.

Брифинг барысында бас мердігер «Capital Construction Projects Kazahkstan» ЖШС-і өкілі Бақытжан Есалиев «Ақжол» ЖШС-нен 190 млн.теңгеге орындалған жұмыстарды салыстырып тексеруге қол жеткізе алмағанын жеткізді.

Ал әкімшілік ғимараттардың бірінің бас мердігері — «Континент Транзит» компаниясының өкілі Абдуғани Абдукадыр «Ақжол» ЖШС қосалқы мердігері өзіне алған міндеттемелерін орындамағанын және құрылыс жұмыстарын аяқтамай кетіп қалғанын, онымен қоймай бас мердігерден 150 млн теңге талап етіп отырғанын айтып отыр.

Previous Post

«AMANAT» партиясының жастар қанаты «Жастар рухы» болып өзгерді

Next Post

Шымкенттік ХҚО-да жер учаскелерін рәсімдеу бұрынғыдан да қолжетімді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі