13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан боксшылары «Elorda Cup-2022» халықаралық турнирінде 3 алтын жүлде олжалады

8 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан боксшылары «Elorda Cup-2022» халықаралық турнирінде 3 алтын жүлде олжалады
Share on FacebookShare on Twitter

Нұр-Сұлтан қаласында бокстан «Elorda Cup-2022» халықаралық турнирі мәресіне өтті. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ерлер арасында 13 салмақ, әйелдер арасында 12 салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталды. Астана төріне 10 елден барлығы 250-ден астам былғары қолғап шебері жиналды. Финалға жолдама алғандардың ішінде Әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері және Олимпиада ойындарының қатысушылары да көп еді. Турнирде ерлер арасында Түркістан облысының боксшылары да тамаша нәтижеге қол жеткізді.

Токио Олимпиадасының жүлдегері, әлем чемпионы, Сәкен Бибосынов «Турнирдің ең үздік боксшысы» атанды. Ол барлық барлық қарсыласын айқын жеңіп, жоғары шеберлігін көрсетті. Түркістан өңірінің тағы бір жұдырықты жігіт Мұхамедсабыр Базарбайұлы өз салмағында жеңімпаз атанып, алтыннан алқа тақты. 86 келіде бақ сынаған Абзал Құттыбековке тең келер қарсылас болмады. Ол барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, жеңімпаз атанды. 92 келіде жұдырықтасқан Тоғамбай Сағындық күміс жүлдеге ие болды. Сонымен қатар +92 келіде түркістандық Нұрлан Сапарбай қола жүлдегер атанды.

Осылайша Түркістан облысының спортшылары ұлттық құрама қоржынын толтыруға қомақты үлес қосты. Осындай тартысты додаға боксшыларды жоғары дәрежеде дайындаған Мырзағали Айтжановтың еңбегін атап өту керек. Астана төріне 10 елден барлығы 250-ден астам былғары қолғап шебері жиналды. Турнирде ерлер арасында Түркістан облысының боксшылары да тамаша нәтижеге қол жеткізді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Түркістан: Келесте меморандум арқылы 15 мың гектардан астам жер жайылымға беріледі

Next Post

Өмірзақ Шөкеев: «Turkistan» телеарнасын халықаралық деңгейге көтеруіміз керек»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі