13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сенат депутаты Шымкенттегі оңалту орталығының жұмысымен танысты

4 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Сенат депутаты Шымкенттегі оңалту орталығының жұмысымен танысты
Share on FacebookShare on Twitter

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» жұмыс ауқымы кеңейген. Мұнда арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерінің саны да артып келеді. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Қалтаева қаладағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. 2019 жылы құрылған орталықта қазіргі таңда 500-ден астам зейнеткерге қызмет көрсетілуде. Сенат депутаты дәрігерлік тексеру (терапевт, невропатолог, физиотерапевт, психолог), еңбек, музыка, бейнелеу өнері (ART терапия), қыш өнері (ART ELAY), компьютерлік сауаттылық және тағы басқа бөлімдерді аралап көрді. Ләззат Молдабекқызы орталықтың жұмысын оң бағалап, қаладан мұндай әлеуметтік медициналық оңалту орталықтарын көптеп ашу қажеттігін атап өтті.Сауықтыру мекемесінде зейнеткерлерге күнделікті 2 ауысымда 4 сағаттық арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері ұсынылады. Қарияларға қызмет көрсету үшін кардиолог, терапевт, невропатолог және физиотерапевт дәрігерлері жұмылдырылған. Сондай-ақ, зейнеткерлердің емдік дене шынықтырудан бастап йога, би, бильярд, үстел теннисімен шұғылдануға мүмкіндігі бар. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Қалтаева қаладағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. 2019 жылы құрылған орталықта қазіргі таңда 500-ден астам зейнеткерге қызмет көрсетілуде.Айта кетсек, 2021 жылдың желтоқсан айында орталықтың қосымша бөлімшесі ашылды. Онда зейнет жасындағы азаматтарға 4 сағатқа дейінгі арнаулы әлеуметтік қызметтер және  жалғызбасты қарттарға 8 сағатқа дейін жартылай стационар жағдайда қызмет түрлері көрсетілуде.

Previous Post

Шымкенттіктер бизнесті онлайн тіркей алады

Next Post

Қонаев даңғылының жалғасы мен Адырбеков көшесінің бір бөлігі уақытша пайдалануға берілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі