13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Сауран ауданында «Құрышхан ата» мешіті ашылды

4 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Сауран ауданында «Құрышхан ата» мешіті ашылды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Сауран ауданы, Абай елді мекенінде жеке кәсіпкер есебінен 100 орындық жаңа мешіт ашылды. Тарихи тұлға Құрышхан атаның есімімен аталған мешіттің ашылу салтанатына Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков, Сауран аудандық мәслихат хатшысы Мейрамбек Күнпейсов, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев, маслихат хатшысы Мақсат Таңатаров, ардагерлер мен депутаттар, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Тарихи деректерге сүйенсек Құрышхан ата Жылаған атаның әкесі болған. Жылаған ата – Сауран ауданындағы халықтың ең көп келетін зиярат орындарының бірі. Бүгінде рухани туризм орталығына айналған Құрышхан ата кесенесіне еліміздің әр түкпірінен, шет елдерден зиярат етуші туристер көптеп келеді. Абай ауылында ашылған мешіттің атауына тарихи тұлғаның есімін беруді ауыл тұрғындары ұсынған.

Бабайқорған ауылдық округіндегі жаңа мешітті Хандиллаев Мырзан ақсақалдың өсиетімен ұрпақтары мен бауырлары, ауыл халқы тұрғызды. Мешіт Құрышхан атаның кесенесінің жанынан салынды.

– Бүгінгі жаһандану ғасырында әрі ғаламдық құндылықтарға қауіп төніп отырған сындарлы уақытта халқымыздың рухани байлығы, халықтың діни көзқарасы, олардың түрлі ағымдарға ермеуі, еліміздегі жастар тәрбиесі, ұлттық құндылықтарымыз басты назарда болуы керек. Мешіттердің ауданымыздың дамып-өркендеуі, рухани құныдылықтардың дәріптелуі жолында қосар үлесі зор деп білемін. Тарихи топырақта ашылған мешітке тарихи тұлғаның есімін беру де – ұлағаттылық, – деді аудан әкімі Ғани Рысбеков.

Қазіргі уақытта Сауран ауданында 37 мешіт, 13 намазхана халыққа қызмет көрсетуде.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Түркістан: Тұрғындармен кездесуде айтылған өтініштер мен ұсыныстар орындалуда

Next Post

Шымкенттіктер бизнесті онлайн тіркей алады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі