13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда «Нағыз қазақ – домбыра» атты күйшілер сайысы өтті

4 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістанда «Нағыз қазақ – домбыра» атты күйшілер сайысы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында Ұлттық домбыра күніне орай мектеп оқушылары мен студенттер арасында «Нағыз қазақ – домбыра» атты күйшілер сайысы өтті. Жас күйшілер сайысында қаладағы жоғары оқу орындарының студенттері мен саз мектебінен жас дарындар қатысты.

Байқау қатысушылары күй тартыста аянып калмады. Өз өнерлерін көрсетіп, күмбірлете күй төккен өнерпаздар халқымыздың асылынан артық қастерлеп үкі таққан, жалғызындай аялап қақ төріне ілген ең қымбат, ең сүйікті музыка аспабының бірі – домбыра арқылы халықтың қуанышы мен қайғы-қасіретін көрсететін күйлерді орындап шықты.

– Бұл байқау өз ұлттық дәстүрімізді көрсету, дәріптеу, қадірлеу, жас жеткіншектерді патриоттық тәрбиеге баулуға арналған іс-шара болып саналады. Домбыраның құдіретін, жас өрендердің күй тарту дағдыларын қалыптастыру мақсатында балаларымызды жинап отырмыз, – деді саз өнері мектебінің ұстазы, оркестр жетекшісі Ерлан Асқарұлы.

Сайыс соңында топ жарған үздіктер анықталып, байқау жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлық тапсырылды.

Жалпы былтыр Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай Түлкібас ауданында бастау алып, биыл «Балалар жылы» аясында жалғасын тапқан «Мектебіңе домбыра сыйла» акциясы аудандық мәдениет үйінде қорытындыланды. Ұлттық домбыра күніне орайластырылған шараға Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Е.Орманов, аудандық мәслихаттың хатшысы С.Сейсенбаев, Сауран ауданы әкімінің орынбасары С.Сәдібаев, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Е.Қадірбек, мектеп директорлары мен зиялы қауым өкілдері және аудан тұрғындары қатысты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкентте импорт алмастырушы екі жаңа зауыттың ашылуы жоспарлануда

Next Post

Түркістан: Сарыағашта жол жөндеу жұмыстары қарқынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі