13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мұрат Әйтенов: «Шымкетте биыл 51 үй пайдалануға беріледі»

1 июля, 2022
in Жаңалықтар
0
Мұрат Әйтенов: «Шымкетте биыл 51 үй пайдалануға беріледі»
Share on FacebookShare on Twitter

2021 жылы Шымкентте 1 млн шаршы метрден астам тұрғын жай ел игілігіне берілді. Ал биыл бұл межені 4,7 пайызға арттырып, пайдалануға берілетін баспана көлемін 1 млн 60 мың шаршы метрге жеткізу көзделуде. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов елордада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.

– Бюджет есебінен көп қабатты 51 үй пайдалануға тапсырылады деген жоспар бар. Бұл – жалпы 2 972 пәтер деген сөз. Оның ішінде 31 кредиттік, 20 арендалық үй бар, – деді қала әкімі.

Мегаполис басшысының айтуынша, баспана кезегінде тұрған, табысы аз азаматтарға құны 1 миллион теңгелік тұрғын үй сертификатын беру қарастырылған. Бұл мақсатта 500 млн теңге бөлінді.

Бұған қоса көп қабатты 18 үй жөнделуде. Ал тұрғын үй қорын басқарудың жаңа механизмдері – пәтер иелерінің бірлестігі мен жай серіктестікке өту көрсеткіші қалада 100 пайызды құрайды, деді әкім.

Сондай-ақ, шымкентте биыл 57 мың тұрғын жұмыспен қамтылады.2022 жылы 57 мыңнан астам қала тұрғынын жұмыспен қамту шараларымен қамту көзделуде. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.

– Жыл басынан бері 5 айда 22 мыңнан астам тұрғын еңбекпен қамту шараларымен қамтылды. Бұл бағыттағы жобаларды жүзеге асыруға жалпы 7,2 миллиард теңге қаралған. Біздің мақсатымыз – әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтар санын азайту, ол үшін тұрғындарды жұмыспен қамту – аса маңызды, – деді Мұрат Әйтенов.

Ал мүгедектігі бар тұрғындарды қолдауға бюджеттен 4,5 млрд теңге қаралған. 2021 жылы бұл мақсатқа 3,7 млрд теңге бөлінген болатын.

«Бақытты жанұя» орталығында көп балалы 7 062 анаға әлеуметтік көмек көрсетілді.

Previous Post

М.Әйтенов: «Бес жылда 101 мектеп салынады»

Next Post

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі