Түркістан облысы Инвестиция және экспорт басқармасының ұйымдастыруымен өңірлік экспорттаушылар кеңесі өтті. Кеңеске Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ, «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы АҚ, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қаржы институттарымен жұмыс жөніндегі дирекциясы, сонымен қатар, облыстағы бірнеше ірі инвестициялық жобалардың ресми өкілдері қатысты.
Түркістан облысының тауар айналымы 2022 жылдың 4 айында 428,8 млн. АҚШ долларды құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,5% — ға жоғары (418,3 млн. АҚШ).
Осы кезеңде Түркістан облысынан экспорт 16,4% — ға өсіп, 264,2 млн. АҚШ долларын құрады. Шикізаттық емес экспорттың оң серпініне ІҚМ етін жеткізудің 12,84 млн. АҚШ долларына немесе 309,4% — ға, қой еті 5,36 млн. АҚШ долларына немесе 788,2% — ға, өзге де балықтың жон еті 1,23 млн. АҚШ доллары немесе 96,1%, трансформаторлар 1,01 млн. АҚШ долл.немесе 23,5% — ға, бидай ұны 0,56 млн. АҚШ доллары немесе 14,7%ға жеткен.
Айта кетейік, Түркістан облысында сыртқы сауда экспорты дамып, қарқынды жүзеге асырылуда. Өңірде отандық тауар өндірушілердің экспортын ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Аймақта негізгі шикізаттық емес экспортталатын тауарлар қатарында уран, ұн, трансформаторлар мен балық өнімдері және күркетауық еті бар. Инвесторлар мен экспорттаушыларға «бір терезе» қағидаты бойынша қызметтердің кең түрін ұсынатын «Turkiston Invest» қызмет көрсету орталығы құрылған.
Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында Түркістан облысының экспорт көлемі 54,9 млн АҚШ долларын (оның ішінде шикізаттық емес экспорт — 15 млн АҚШ) құраған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі