13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Көліктік бақылау инспекциясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

29 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Көліктік бақылау инспекциясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды
43
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қалалық көліктік бақылау инспекциясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен бірлескен көліктік бақылау саласындағы жемқорлықтың алдын алу бойынша жиын өтті.

Кездесуде аталған саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері қарастырылды.

Департамент өкілінің айтуынша, талдау нәтижелері көліктік бақылау инспекциясының қызметіндегі жүйелі кемшіліктерді анықтаған.

Шымкент қаласы бойынша аталған саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тоқтала келе, талдау барысында инспекторлар тексеру іс-шаралары кезінде бейнетіркеу тәртібін сақтамайтыны анықталғандығын жеткізді. Іс жүзінде барлық жағдайларда дерлік олар тек көлік құралын тоқтату және қажетті құжаттарды сұрау процесін тіркеген. Жетондардан бейнежазбаларды талдау барысында инспектордың ауысым ішінде тексеру әрекеттерінің 1,5 сағаттан аспайтынын көрсетті, ал кей жағдайларда жазбалар өшіріліп отырған. Бақылау процедурасының өзі бекітілмеген.

Нысаналы индикаторлар объективті емес, олардың формальды орындалуы жүк және ірі габаритті көлікке тиісті бақылауды қамтамасыз етпейді.

Статистикалық деректер артық жүк тиегені үшін бір инспекторға жүктеме — бұл 5 ауысым ішінде бар болғаны 1 әкімшілік материалды құрайтынын көрсетті. Немесе басқа да елеусіз бұзушылықтар бойынша ауысымға 1, 2 хаттама толтырылған.

Осы және өзге де анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен хабардар еткен Департамент өкілі сыртқы талдау қорытындысы бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуының маңыздылығына тоқталды.

Previous Post

Шымкент: 23 колледжге мемлекеттік тапсырыс орналастырылды

Next Post

«AMANAT»: Мектептердің құрылысы неге тоқтап тұр?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі