13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте жүзеге асырылатын ірі инвестициялық жобалар

23 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте жүзеге асырылатын ірі инвестициялық жобалар
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінгі өткен Үкімет отырысында Шымкент әкімі М.Әйтенов қалада жүзеге асыралатын ірі инвестициялық жобаларды атады.

✔«KAZALPACK» компаниясы биыл құны 23,4 млрд. теңгені құрайтын алюмин банкілерінің өндірісі жобасын іске қосып, 150 жаңа жұмыс орны құрылды. Қосымша 2023-2025 жылдары алюмин тақталары мен листтер өндірісі жобасы іске асырады. Инвестиция көлемі  40 млрд. теңге, 350 жаңа жұмыс орны құрылады.

✔«Karlskrona» компаниясы құны 26 млрд. теңгені құрайтын гидравликалық насостар өндірісі  жобасын жүзеге асырады. Онда 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.

✔Өзбекстандық инвестордың қатысуымен «Orient Ceramic» компаниясы құны  13 млрд. теңгеге керамикалық тақталар өндірісі жобасын жүзеге асыруды жоспарлауда.  300-ден астам жаңа жұмыс орындары құрылады.

✔1 000 орындық көпфункционалды университеттік клиника мен заманауи емхана жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Инвестиция көлемі 120 млрд.теңге, 3 мыңға жуық жұмыс орны. Қазіргі таңда жобалау жұмыстары аяқталып, сараптамадан өтуде.

✔«Asia Trafo» компаниясының құны 7 млрд. теңгені құрайтын трансформатор өндірісі. Жоба аясында Орталық Азияда теңдесі жоқ жоғары кернеулі реакторлар шығарылады.

Шымкент қаласының өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, қаланың   негізгі экономикалық көрсеткіштерінде өсім қарқын алып келетінін айта кетер болсақ, 2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында өнеркәсіп өнімінің көлемі 243,3 млрд теңгені құрап, өткен жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,5%-ға артқан. Ал өнеркәсіп саласында үлесі 84,4%-ды құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 205,9 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 14,4%-ға өскен. Шырайлы шаһардың экономикасы өркендеп,  инвестиция көлемі артты.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында маңызды мәселелер талқыланды

Next Post

Түркістан облысында 17 мың гектар жайылым қайтарылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі