13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте инвестиция көлемі 29 пайызға артты

23 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте инвестиция көлемі 29 пайызға артты
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында биыл 5 айда қала экономикасына 131,1 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 29%-ға ұлғайды.

Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтылды. Қала әкімі М.Әйтенов күн тәртібіне сәйкес инвестициялық саясат тұжырымдамасының жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндады.

Өңірде жыл соңына дейін 538 млрд.теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Және бұл 2021 жылмен салыстырғанда 16%-ға артуы күтілуде деді. Бұл көрсеткішке 2022-2025 жылдары қалада жүзеге асырылатын құны 2,6 трлн. теңге құрайтын 242 инвестициялық жобалардың пулы әсер етпек. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі саласында құны 550 млрд. теңгені құрайтын 45 жоба іске асырылады.

—        Шымкент қаласының әкімдігі 2025 жылға дейінгі инвестиция тарту жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізуде. Біздің жоспарымыз бүгінгі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен ұсынылған 2026 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасына сәйкес келеді. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жалғасатын  болады, -деп сөзін түйіндеді.

Сонымен қатар, 2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында өнеркәсіп өнімінің көлемі 243,3 млрд теңгені құрап, өткен жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,5%-ға артқан. Ал өнеркәсіп саласында үлесі 84,4%-ды құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 205,9 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 14,4%-ға өскен.Шырайлы шаһардың экономикасы өркендеп,  инвестиция көлемі артып келеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы Сәуле Кисикова әлеуметтік желідегі парақшасында Мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтады

Next Post

Объем инвестиций в Шымкенте увеличился на 29%

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі