13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттегі 145 көшеде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды

22 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкенттегі 145 көшеде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов орташа жөндеу жұмыстары аяқталған бірнеше көшені аралады.

Соның бірі — Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабындағы Сыдықхан ата көшесі. Көшенің ұзындығы — 2,7 шақырым, ал ені — 5 метр.  Бүгінде құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілген.

Жалпы биыл Шымкентте 308 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның 145-нде жұмыстар толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 163 көшенің жұмыстары күзге дейін аяқталады деп күтілуде.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар Шымкенттегі Гулистан көшесіндегі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Қаратау ауданы Қызыл су тұрғын алабының Гулистан  көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов аумақтағы атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты.

Гулистан көшесінің  2-кезеңі атауы жоқ көшенің соңына дейінгі аралықты қамтиды. Автомобиль жолының жалпы ұзындығы 2,7 шақырым, ал ені 5 метр. Бүгінде орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған.

Ал, 2 кезеңіндегі жалғасы КХ-41 автомобиль жолының атауы жоқ көшеге дейінгі аумақты алып жатыр. Ұзындығы 2,1  шақырым болатын көшенің орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

3-кезеңге сәйкес жұмыстар КХ-41 автомобиль жолынан атауы жоқ көшеге дейінгі аралықта жүргізілуде. Көшенің ұзындығы – 2 шақырым, ені-5м. Қазіргі таңда асфальтбетон жамылғысының 1 қабаты төселіп, жұмыстың 80% аяқталды. Екінші қабатын төсеу жұмыстары маусым айының соңына жоспарланған.

Previous Post

Шымкент: Күн тәртібінде – бесінші аудан

Next Post

Шымкент: №11 мектеп күрделі жөндеуден өтуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі