Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов № 45 мектеп-гимназиясының жанына салынып жатқан қосымша құрылыстың жұмыс барысымен танысты. Құрылыс Ш. Қалдаяқов көшесінің бойында 1,2909 га жер аумақта жүргізілуде.
300 орындық жапсарсайдың бас мердігері – «ЖАҢА АРНА 2002» ЖШС-ы. Жоба бойынша мұнда жаттығу және гимнастикалық сабақтарға арналған спорт залы қарастырылған. Әрбір сынып 25 оқушыға шақталған 12 сынып болмақ. Сонымен бірге қосымша 33 жаңа жұмыс орны құрылады. Құрылысы наурыз айында басталған нысан келесі жылы пайдалануға беріледі.
Шаһар басшысы құрылыс жұмыстарын мерзімінде әрі сапалы орындалуын тапсырды.
Қала әкімі М.Әйтенов құрылыс нысандарын тексеру барысында бірқатар ойын алаңшаларын аралады.
Бұл – Ә. Молдағұлова № 44 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлер ауласындағы салынып жатқан балалар ойын алаңшалары. Қауіпсіз ойын элементтері орнатылуда. Шілде айында пайдалануға беріледі.
Жалпы Абай ауданындда бұл жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 17 ауланы абаттандыру және 10 спорт алаңшасын салу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының 85 пайызы аяқталған. Толық аяқталғаннан кейін тұрғындарға пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар, биыл абай ауданында 10 ойын алаңшасы салынады.
Абай ауданындағы 453 көпқабатты тұрғын үй 258 аулаға біріктірілген. 2014 жылдан бері жалпы 222 аула абаттандырылып, 56 спорт алаңшасы салынды.
2021 жылы 21 көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру, 12 спорт алаңшаларын ағымдағы жөндеу, 35 спорт алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілді. «Шымкент қайырымды қала» қоры арқылы демеушілік есебінен 4 спорт алаңшасы орнатылды.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов бүгін Абай ауданын аралау барысында атқарылған жұмыстарды көріп, жоспарлы құрылыс жұмыстарының барысын бақылады.