13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Шырқал ән, төгіл дауыс» турнесі Шымкентте жалғасын тапты

21 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
«Шырқал ән, төгіл дауыс» турнесі Шымкентте жалғасын тапты
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласының Ақпараттық – коммуникациялық орталығында Хатимолла Жәңгірұлы Бердіғалиевтің 70 жылдығына арналған республикалық «Шырқал ән, төгіл дауыс»  турнесінің өтуіне байланысты Батыс Қазақстан облысынан келген делегаттар баспасөз брифингін берді.

«Биылғы жылы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  «Парасат» орденінің иегері, айтыскер ақын, жыршы-темеші, дәстүрлі әнші Хатимолла Жәңгірұлы Бердіғалиев  мерейлі 70 жасқа толып отыр.

Осы орайда, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің және облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының ұйымдастыруымен республикалық «Шырқал ән, төгіл дауыс»  турнесі бастау алды. Бүгін 21 маусым күні Шымкент қаласындағы Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда сағат 19:00 де  Хатимолла Жәңгірұлының шығармашылық концерті өтеді. Бұл концертте Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әртістері ҚР Еңбек сіңірген артисі, Қанатқали Қожақов пен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Айбар Хайрхановтар да өнер көрсететін болады.»-деді Олжас  Сейтимов.

Хатимолла Жәңгірұлының  репертуарында қазақтың үш жүзден астам халық әндері, Бұқар, Базар, Қашаған жыраулардың  терме-жырлары, Мұхит Мералиевтің, Ғарифолла Құрманғалиевтің  және халық композиторларының әндері де бар. Хатимолла Бердіғалиев есімі алты алашқа мәлім болған, айтыс пен ән өнерінде елінің ықыласына бөленген дарынды тұлға. Турненің мақсаты; руханият кеңістігін ұлттық тәрбиемен астастырып, патриоттық идеялогияны қалыптастыру және қазақ даласындағы  дарынды дарабоздардың есімдерін дәріптеу арқылы төл өнерімізді қастерлеу болып табылады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Previous Post

Аким города ознакомился со строительными работами школ

Next Post

Турне под названием «Шырқал ән, төгіл дауыс» продолжается в Шымкенте

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі