13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Таза қала» акциясы басталды

21 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Таза қала» акциясы басталды
Share on FacebookShare on Twitter

Үшінші мегаполисте жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан «Таза қала» акциясы биыл да Азаматтық альянс қоғамдық ұйымының бастамасымен жалғасын таппақ.

Қоғамдық ұйымның өкілі Юсуп Арзыхановтың айтуынша, акцияға қатысуға қаланың барлық тұрғындары өтініш білдіре алады. Жас ерекшеліктеріне ешқандай шектеу жоқ.

–Үміткер арнайы өтініш қағазын толтырып, аудандық әкімдікке тапсырады. Қаланың төрт әкімдігінен құралған жұмыс тобы айына екі рет үміткерлердің тазалық жұмыстарына мониторинг жасап, ай сайын аумақты фото, видеоға түсіріп, әр аудан өзінің жеңімпаздарын анықтайды. Ал қорытынды нәтижені комиссия шығарып, кімнің жүлдегер атанғаны қазан айында белгілі болады. Байқау жеңімпаздары «Үздік аула», «Үздік көше», «Үздік үй», «Үздік тұрғын үй алабы», «Үздік аула сыпырушы» деп аталатын 5 номинация бойынша марапатталады, — деді Ю.Арзыханов.

Биылғы акцияның жүлде қоры 4,3 миллион теңге. Акция жеңімпаздарын бағалы сыйлықтар күтіп тұр. Азаматтық альянс төрағасы Жұмағали Білісбеков аталған іс-шараға кәсіпкерлерді бизнес әлеуметтік жауапкершілігі аясында атсалысуға шақырып отыр.

Өскен ұя, тұрғылықты мекенді мұнтаздай таза ұстау – рухани жаңғыруға бастар жол. Игі шараға облыс, қала билігінің де қолдауы мықты.

Айта кету керек, «Таза қала» акциясына биыл тура он жыл толады. 2012 жылы Азаматтық альянстың бастамасымен қолға алынған іс-шара қаланың жыл сайынғы дәстүрлі байқауына айналып үлгерді. Бір ерекшелігі мұндай акция республиканың өзге өңірлерінің ешбірінде жоқ.

Previous Post

Түркістанда республикалық «Түркістан дауысы» байқауының жеңімпазы анықталды

Next Post

В Шымкенте стартовала акция «Чистый город»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі