13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысының медициналық мекемелері үздік атанды

17 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысының медициналық мекемелері үздік атанды
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Елордада медицина қызметкерлері мерекесінің қарсанында «Дені сау ұлт» ұлттық медициналық саммиті өтті. Саммит аясында еліміздегі медициналық ұйымдар арасындағы «ALTYN SHIPAGER» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды.

«ALTYN SHIPAGER» сыйлығының нұсқасы бойынша «Үздік көпбейінді облыстық аурухана» атағының иегері болып Түркістан облысының облыстық клиникалық ауруханасы атанды. Бұл өңірдің жетекші клиникасы, оның 27 — клиникалық бөлімшесі, 2 – анестезиология және реаниматология бөлімшесі, 5 — емхана, оның ішінде онкологиялық орталық және параклиникалық бөлімшелері бар.

Ал ең үздік босандыру ұйымы болып Түркістан облысының №1 облыстық перинаталдық орталығы жарияланды, ол тек өңірдің ғана емес, Қазақстанның да ірі перинаталдық орталықтарының бірі болып табылады. №1 ОПО-ның төсек-орын қоры 300-ді, штат саны 600-ден астам қызметкерді құрайды. Жыл сайын орталықта 10 мыңнан астам жаңа туған нәресте дүниеге келеді.

Сондай-ақ медициналық ұйымдар арасындағы үздік үштікке Түркістан облыстық балалар ауруханасы, Түркістан қалалық орталық ауруханасы, Кентау қаласындағы «Жансая» облыстық балалар оңалту орталығы шықты.

Саммитке ҚР Үкіметінің мүшелері, еліміздің медициналық қоғамдастығының өкілдері, бизнесмендер, Денсаулық сақтау саласының отандық және шетелдік сарапшылары қатысты.

Айта кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «ALTYN SHIPAGER» Ұлттық медициналық сыйлығының ұйымдастыру комитетімен бірлесіп, медицина қызметкерлері күнін мерекелеу аясында және Президенттің «Жаңа Қазақстан» идеясы аясында іске асырылатын іс-шараны ұйымдастырушы болып табылады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Түркістан: Арыста Орта Азияда баламасы жоқ зауыт салынып жатыр

Next Post

Шымкентте үздік тауарлар көрмесі өтуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі