13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Шарықтай бер,Шымқалам!» концерті өтті

20 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
«Шарықтай бер,Шымқалам!» концерті өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Үшінші мегаполистегі Қала күніне арналған іс-шаралар гала-концертпен қорытындыланды. Әл-Фараби алаңында өткен мерекелік кешті Айгерім Қалаубаева, Ғазизхан Шекербеков, Ләйлә Сұлтанқызы және Нұрсұлтан Құрман жүргізіп отырды.

«Құрметті шымкенттіктер, қадірлі достар! Бүгін барлығымыз Шымкент қаласының туған күнін атап өтеміз. Сондықтан, бүгін барлығымыз шымкенттікпіз, жерлеспіз» деген жүргізушілер түрлі қызықты сұрақтар қойып, естеліктер айтып, көпшіліктің көңіл-күйін көтеруге атсалысты. Ал қала әкімі Мұрат Әйтенов мегаполис тұрғындарын құттықтады.

– Құрметті шымкенттіктер! Баршаңызды қала күнімен құттықтаймын! Шымкент тұрғындарының орташа жасы – 28-де, қаламыз жастардың қаласы саналады. 2200 жылдан астам тарихы бар шаһардың мегаполис атанғанына да биыл 4 жыл толды. Осы  уақыт ішінде қалада көптеген өзгеріс орын алып, Шымкент бұрынғыдан да дами түсті. Бүгін футболшыларымыз да қала күніне сыйлық жасады. «Ордабасы» клубы Оңтүстік дербиінде «Тараз» командасынан 3-2 есебімен басым түсті. Ал осынау мерекелік концертті ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды білдіремін. Шымкент қаласы дами берсін! – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Бұдан кейін Қазақстан эстрадасының жұлдыздары көпшілікке арнап ән салып, концерт көркін қыздыра түсті. Халық алдында Заттыбек, Медеу Арынбаев, Бауыржан Исаев, Айгерім Қалаубаева, Ғазизхан Шекербеков, «Жігіттер», FM топтары және тағы да басқа өнерпаздар өнерлерін паш етті. Осылайша, қала күніне орай ұйымдастырылған шара көпшіліктің көңілінен шықты.

Previous Post

В микрорайоне Акжайык привлекается канализационная система

Next Post

Проведена уборка

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі