13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ақжайық шағынауданына кәріс жүйесі тартылуда

20 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Ақжайық шағынауданына кәріс жүйесі тартылуда
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Ақжайық шағынауданын инжинерлі-инфрақұрылыммен қамту барысын тексерді. Қазір мұнда кәріз жүйесінің құрылысы жүргізілуде.

Сметалық жобаға сәйкес, ұзындығы 22,1 шақырым кәріз жүйесі салынып, ол үшін бюджеттен 686,1 млн теңге қаралып отыр. Құрылысы биыл басталған нысанда қазір жұмыстың 10 (2,5шқ) пайызы орындалған. Жұмысты аяқтау мерзімі 2023 жылдың тамызына жоспарланған. Пайдалануға берілгенде шағынаудандағы 4200 үй кәріз жүйесіне қосылады.  Жаңа кәріз жүйесін шағынаудан халқымен бірге кәсіпорындар, мектеп пен балабақшалар да пайдаланады.

Ақжайық шағынауданында 35 көпқабатты, қалғаны жеке тұрғын үйлер.

Ауыз су, электр жарығы және табиғи газбен толық қамтылған. Қазір онда 3 мектеп пен 12 балабақша бар.

Өткен жылы 8 балалар ойын алаңшасы мен 2 спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілген. Биыл 10 спорт алаңшасының құрылысы жүргізілуде.

Шағынауданда осы жылы 13 көше орташа жөндеуден өтпек.  Атап айтқанда Жағатай көшесінің жалғасы, Оразбай ата, Бетеге жалғасы, Жағатай көшесінің жалғасындағы атауы жоқ көше, №12 көше, Сарбаз көшелеріне асфальт төселеді.

Жоспарға сәйкес, жыл сайын орташа жөндеу жұмыстары қаланың орталық көшелері ғана емес, ауданның ішкі орамдық көшелері де қамтылады. Бүгінде жоспарланған 308 көшенің 145 көшесі жөндеуден өтіп, ел игілігіне пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, бүгінге дейін Ақжайықта 8 көше жарықтандырылған. Биыл  Балқарағай, Асфендияров көшесі жарықтанса, 2023 жылы Байсбаев пен Қарасай, 2024 жылы Спанов пен Уали ата көшелеріне кешкі шам орнатылады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Начался прием заявок по программе  «Бақытты отбасы»

Next Post

В микрорайоне Акжайык привлекается канализационная система

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі