13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қала күні қарсаңында Шымкентке келушілер көбейген

18 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Қала күні қарсаңында Шымкентке келушілер көбейген
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте қала күні қарсаңында әуе рейстері мен пойыз қатынастарында сатылым билеттерінің саны азайған. Әсіресе, апта соңына қарай, «Шымкент қаласы күнімен» тұспа-тұс келген демалыс күндеріне алдын ала брондау арқылы сатылып жатқан билеттер саны таусылуға шақ. Шымкент әуежайы арқылы қалаға осы апта ішінде 119 рейспен 22 мыңға жуық адам келмек. Одан өзге, Шымкент теміржол вокзалы арқылы шамамен 170-ке жуық пойыз қатынасының жүруі жоспарланған. Орташа есеппен, пойызбен Шымкентке 40 мыңнан аса адам саяхат жасамақ.

Осы күндері әуежайдағы тұрақты рейстер бойынша еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Семей, Қостанай және шетелдің Анталия, Кутаиси, Стамбұл, Мәскеу және өзге де қалаларынан келушілер бар. Ал чартерлік рейстер қатарында Ақтөбе, Жезқазған, Павлодар, Петропавл, Тараз, Қызылорда және Қарағанды қалаларына әуе рейстері қатынауда. Сондай-ақ, жыл басынан бері халықаралық бағытта Анталия, Шарм-эль-Шейх, Дубай, Мәскеу, Бішкек, Ош, Медина, Гоа, Шарджа және т.б қалалармен чартерлік әуе рейстері қатынап келеді.

Айта кетейік, үшінші мегаполистің көрікті жерлерімен таныстыру мақсатында қаңтар айында ашылған «Visit Shymkent» туристік-ақпараттық орталығы жыл басынан бері әзірленген 17 маршрут бойынша 115 тегін экскурсия ұйымдастырып, 11 мыңға жуық туристке қызмет көрсетті. Орталық базасында қаладағы халық көп шоғырланатын нүктелерде 7 ақпараттық киоск орналастырылған.

Ресми статистикаға сүйенсек, осы жылдың 3 айында Шымкентке 97 501 адам келіп, Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласынан кейінгі үшінші орынға ие болған. Айта өтсек, Шымкентте қала күні мерекесіне орай жиырмаға жуық іс-шара ұйымдастырылған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Примерные семьи соревновались

Next Post

В преддверии Дня города в Шымкенте увеличилось количество посетителей

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі