13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте 30 мың гектарға  ауылшаруашылығы дақылдары егілді

17 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте 30 мың гектарға  ауылшаруашылығы дақылдары егілді
Share on FacebookShare on Twitter

Диқандарымыз биылғы жылы 30,0 мың га. жерге егілген  ауыл шаруашылығы дақылдарынан 90,1 мың тонна өнім жинауды жоспарлап отыр.

Осы және басқа да ақпараттармен Шымкент қаласының ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Джанбатыров Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлімдеді.

—   Егістік алқабы өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,7 мың гектарға артқан.  Жалпы дәнді-дақылдар -13,0 мың га., жүгері — 0,1 мың га., майлы дақылдар — 3,6 мың га., мал азықтық дақылдар — 9,6 мың га., картоп — 0,4 мың га., көкөніс және бақша дақылдары — 3,4 мың га.  жерге егілді.

Қазіргі таңда көкөніс алқаптарынан 17,9 мың т. өнім алынса, 10,1 мың тонна мал азықтық шөп жиналған.

Сондай-ақ, шаруалардың өтінімдеріне сәйкес, көктемгі дала жұмыстарына бөлінетін жанармай жеңілдетілген бағамен литріне 189 теңгеден босатылуда.  Бүгінгі күнге дизель отынының нарықтағы бағасы 220-230 теңгені құрап отыр.

2022 жылы ауылшаруашылығы саласында өнімділікті арттыру мақсатында

— минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағдарламасына — 122 146,0 мың теңге. Бүгінгі күнге 32,1 мың тонна тыңайтқыш субсидияланды.

— тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 20 480,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі таңда бірінші ұрпақ будандарының 141,0 мың дана тұқымдары субсидияланды.

— пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялауға 600,0 мың теңге бөлінген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 12%-артық (2021ж.-128,0 млн.тг.).

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Previous Post

В Шымкенте проходит выставка лучших товаров

Next Post

В Шымкенте посеяно 30 тысяч гектаров сельскохозяйственных культур

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі