13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында көшпенділер ойыны өтті

12 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында көшпенділер ойыны өтті
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Төлеби ауданында ұлттық спорт ойындарының 7 түрінен ұйымдастырылған «Көшпенділер ойыны» өз мәресіне жетті. Шара ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы мен Төлеби ауданың 90 жылдығы мерекесіне орай өтті. Жамбы ату, теңге ілу, өгіз көтеру, аударыспақ, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, арқан тартыстан жүйрік атанғандарды облыс әкімінің орынбасары Сәкен Амангелдіұлы, аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Хамзаұлы құттықтап, сыйлықтарын табыстады. Жалпы көшпенділер ойыны балаларға және бүкіл әлемге көшпенді мәдениетінің байлығын көрсету үшін үлкен мүмкіндік. Яғни көшпенділер ойынының негізгі мақсаты – халықтар мен мәдениеттерді жақындастыру. Жеңімпаздар командалық есеппен анықталып, 1-орынды Төлеби ауданы, жүлде қоры – 300 мың теңге, 2-орынды Сарыағаш ауданы, жүлде қоры – 200 мың теңге, 3-орынды Жетісай ауданы алып, 150 мың теңге ақшалай жүлдені иеленді. Сондай-ақ, сайысқа қатысқан барлық командаларға 50 мың теңгеден ақшалай ынталандыру сыйлығы табысталды. Қорыта айтқанда көшпелі халықтардың ұлттық спорт жарысын өткізу ұсынысы 2012 жылы өткен Түркі тілдес елдердің саммитінде қолдау тапқан еді. Екі жылдан кейін Ыстықкөл жағалауында алғашқы дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті. Оған 19 мемлекеттің спортшылары қатысты. Дүбірлі дода спорттық жарыстармен шектелмеген. Ұйымдастырушылар көшпелі өркениеттің бай мәдени мұрасымен жан-жақты таныстыратын бағдарлама да дайындаған. Айта кету керек көшпенділер ойындары дүние елдерінің ынтымағын нығайтып, гуманизмнің идеалдарын таратуға, табиғатқа, адам коғамына болған мәмілені өзгертуге негіз бола алады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

Түркістан: Шардара тұрғындарын алаңдататын мәселелер талқыланды

Next Post

Түркістан: Кентауда ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша семинар өткізілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі