13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте алғаш рет халықаралық туристік слет өтіп жатыр

10 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте алғаш рет халықаралық туристік слет өтіп жатыр
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласында Орталық Азиядағы туристік ақпараттық орталықтың І слеті басталды. Бұл шара Шымкент қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасының «Visit Shymkent» орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп отыр. Оған еліміздің 6 өңірінің визит орталықтарының өкілдері мен Өзбекстан Республикасынан арнайы келген делегация қатысты. Сондай-ақ, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзірбайжаннан осы саланың мамандары онлайн режимде қатысып, өз ойларын ортаға салды.

–Шымкент – Қазақстанның оңтүстігіндегі ең ірі қала. Мұнда жылына 300 күн аспан ашық болып, күн күлімдеп тұрады. Қалаға жақын орналасқан табиғи демалыс аймақтар мен киелі орындары да жеткілікті. Сондықтан оңтүстік өңірдің экологиялық жәнее сакралды туризмі Шымкенттен бастау алады деуге болады. Біз үшін осы әлеуетті тиімді пайдаланып, туризмді қала экономикасының жетекші саласына айналдыру өте маңызды. Міне, осы тұрғыдан алғанда өзге өңірлермен және көршілес елдермен ынтымақтастық орнатып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін бүгінгі шараның маңызы зор, – деді слеттің ашылуында сөз сөйлеген Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов.

Айта кетейік, екі күн бойы жалғасатын слеттің соңында «Visit Shymkent» орталығы бірнеше туристік ұйымдармен ынтымақтастық жөнінде екіжақты келісімдерге қол қоюды жоспарлап отыр. Жалпы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған туризмді, әсіресе экотуризм мен этнотуризмді дамытуға экономиканың маңызды саласы ретінде баса мән беру қажет тапсырмасы шым шаһарда жүйелі түрде орындалып келеді. Бүгінде көне қала туристердің ағынын қабылдай отырып, түрлі қызметтерін ұсынып келеді.

Previous Post

В Шымкенте в этом году жилищный сертификат выдадут 500 гражданам

Next Post

В Шымкенте впервые проходит международный туристический слет

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі