13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Ардагерлер тәрбие жұмысына үлес қоспақ

10 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Ардагерлер тәрбие жұмысына үлес қоспақ
Share on FacebookShare on Twitter

Германиядағы Кеңес әскерлері тобының ардагерлері Шымкентте бас қосты. Олар Германиямен қоса Польшада әскери борышын өтеген. Ардагерлер Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойып, кешенмен танысты, өзара әңгіме-дүкен құрды.

– Біз Варшава келісімі және Германиядағы Кеңес әскерлері тобының ардагерлеріміз. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң Батыс елдерінде әскери борышымызды өтедік. Бас қосудағы мақсатымыз – Ұлы Отан соғысындағы батыр аталарымыздың рухын ардақтау. Өскелең ұрпаққа Отансүйгіштік тәрбие беру. Осы бағытта мектептерде және жоғарғы оқу орындарында тиісті тәрбие жұмыстарын атқарып келеміз. Ал бүгін Шымкент қалалық және Түркістан облыстық ардагерлер ұйымының мүшелері жаппай танысып, пікір алмасуға келдік, – дейді Варшава келісімі және Германиядағы Кеңес әскерлері тобы ардагерлерінің Шымкент қалалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Үсенбатыр Арзықұлов.

Жалпы ардагерлердің айтуынша, қоғамдық ұйымның құрылғанына билы 8 ай болды. Ал алдағы уақытта жыл сайын 9 маусым күні бас қосып, осы бір даталы күнді атап өтпек ниет бар екен. 1945 жылы 9 маусым күні маршал Жуковтың бұйрығымен Германия жеріндегі Кеңес әскерінің тобы құрылған. Ардагерлер ұйымы — қариялардың қоғамнан тыс қалмауын қамтамасыз етеді. Қариясы бар ел – қазыналы деп бекер айтылмағаны анық. Яғни ақылды қария – ағып жатқан дария. Демек ақсақалдардың тәрбие тұрғырында да орны жоғары. Осылайша ұлт болашағына бей-жай қарай алмайтын қариялар жастарға тәлім – тәрбие беру үшін барын салып жүр.

Previous Post

Түркістан: Түлкібаста демеушілер есебінен кіші футбол алаңшасы ашылды

Next Post

Шымкент: Ветераны внесут вклад в воспитательную работу

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі