13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Аmanat»: Партия филиалдары азаматтарды жұмыспен қамтуға ықпал етуде

10 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
«Аmanat»: Партия филиалдары азаматтарды жұмыспен қамтуға ықпал етуде
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында жұмыссыздық деңгейі 2022 жылғы І тоқсанында 5,2 пайызды құрады. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жұмысқа орналасу, заңсыз жұмыстан босату, еңбекақы өндіру мәселелері бойынша азаматтардан жиі өтініш келіп түседі. Мәселен, жыл басында 5500-ден астам өтініш тіркелген болса, оның 500-ден астамы аталған  проблемаға қатысты. Маусым айы басталғалы партияның араласуымен бірнеше азамат жұмыспен қамтылды.

Сайрам аудандық мәслихат депутаттары А.Ұзақова, А.Искаков және А.Тайжанов партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды арыз-өтініштері бойынша қабылдады. Қарамұрт ауылының тұрғыны Н.Иристаева ІІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жан. Қабылдауға келудегі себебі  жұмыссыздық мәселесі. Осы ауыл тұрғыны З.Байзакова да жұмыспен қамтуға көмек сұрай келді. Депутаттар аудандық жұмыспен қамту орталығы және жеке кәсіпкерлермен байланысып, нәтижесінде өтініштер оң шешілді. Н.Иристаева «ҚарамұртГаз» ЖШС мекемесіне, ал З.Байзакова «Балдәурен» балабақшасына жұмысқа орналасуға жолданды.

Ордабасы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде де жұмыссыздық мәселесі оңталы шешілді. Аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі А.Жөргенбайдың қабылдауында болған А.Сұлтанова «аспаз» мамандығына сәйкес жұмысқа орналастыруды сұрады. Өтініш иесінің мәселесі қанағаттандырылып, Темірлан ауылындағы мейрамханалардың біріне тұрақты жұмыспен қамтылды.

Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты С.Кенжебаев аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде жергілікті тұрғындарға жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Бірлік ауылдық округінің тұрғыны Р.Әбілханов бос жұмыс орындары болса еңбекке қабілетті екенін жеткізді. Нәтижесінде мемлекеттік бағдарламалар аясында аудандық Жастар ресурстық орталығына жұмысқа орналастырылып, мәселе шешімін тапты.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Previous Post

«Аmanat»: Партия филиалдары азаматтарды жұмыспен қамтуға ықпал етуде

Next Post

Түркістанда теннис орталығы ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі