13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда ақын Темірғали Көпбайдың әдеби кеші өтті

10 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістанда ақын Темірғали Көпбайдың әдеби кеші өтті
57
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан облысы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Farab» кітапханасында Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ғалым, баспагер, ақын Темірғали Көпбайдың 60 жасқа толуына орай «Жырым еліммен бірге» атты кездесу кеші өтті. Әдеби кешке Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері және жазушы, сыншы сонымен қатар профессор Құлбек Ергөбек әрі сатирик-жазушы Ермахан Шайхы, «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев, Қазақстан Журналистер одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібай, Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев сынды зиялы қауым өкілдері мен оқырмандар қатысты.

Кешке жиналған қауым алдымен қарымды қаламгердің өмірінен сыр шертетін бейнетуындыны тамашалады. Артына өшпес із қалдырған қаламгердің өмірі  өзгелерге үлгі болары анық. Ақынның хаты өлмейді, батырдың аты өлмейді деп бекер айталмағаны анық. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ғалым және баспагер, ақын Темірғали Көпбай өзінен кейінгі ұрпаққа берері мол туындылары бүгінгі кеште паш етілді. Ақынның шығармашылық өміріне куә болған зиялы қауым өкілдері де өз естеліктерімен бөлісті. Содан соң ақынның «Сабан ақша» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі де өтті. Кеш барысында ақын естеліктерімен бөлісіп, көпшілікке алғысын білдірді. Сонымен қатар өзінің өлеңдерін оқып беріп, кешке жиналғандардың ыстық ықыласына бөленді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

Тассай елді мекенін табиғи газбен қамту құрылысы жалғасуда

Next Post

Продолжается строительство газоснабжения населенного пункта Тассай

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі