13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: «Тұран» академиясының футболшылары хорватиядағы турнирде үздік сегіздікке енді

10 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: «Тұран» академиясының футболшылары хорватиядағы турнирде үздік сегіздікке енді
56
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанның «Тұран» футбол академиясының жас футболшылары Хорватияда өткен «Dalmatinko Cup» халықаралық турнирінен оралды. 2009 жылы туған балалар командалары арасындағы сында қазақтың жас өрендері ширек финалға дейін жетті. Шетелдегі алғашқы турнирінде осындай жетістікке жеткен жасөспірімдерді ата-аналар мен түркістандық жанкүйерлер құрметпен күтіп алды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов «Тұран» командасының жетістігін жоғары бағалап, жас футболшыларға қолдау көрсетті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Хорватиядағы байрақты бәсекеде бақ сынаған «Тұран» футбол академиясының командасы ширек финалға дейін жетті. Нақтырақ айтсақ, топтық сында «НК Зара» (3:1) және «Заглебия» (2:1) командаларын жеңіп, «Динамо» (Загреб) клубына есе жіберді. Плей-офф кезеңінде «Воеводина» командасымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ширек финалда Украинаның «Шахтері» қарсылас атанды. Тартысты өткен матчта біздің балалар 2:1 есебімен есе жіберді. Жалпы Шығыс Еуропаның азулы футбол мектептерінің спортшыларымен сынға түскен «Тұран» футболшылары 24 команданың арасында үздік сегіздікке енді. Бірінші рет қатысқан команда үшін бұл жақсы нәтиже.

Түркістан облысында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің қолдаумыен балалар футболын дамытуға жағдай жасалып жатыр. «Тұран» футбол академиясы құрылып, шетелден бапкерлер тартылған. Мақсат жергілікті балалардың арасынан «Тұран» футбол командасының және еліміздің намысын арқалайтын шебер футболшыларды дайындау.

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Түркістан облысының аудан, қалаларында кәсіпкерлікті үйрету бойынша семинарлар өтіп жатыр

Next Post

Тассай елді мекенін табиғи газбен қамту құрылысы жалғасуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі