13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанның спортшылары Словакияда үш медаль олжалады

10 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістанның спортшылары Словакияда үш медаль олжалады
Share on FacebookShare on Twitter

Словакияның Братислава қаласында байдарка мен каноэда спортынан жастар арасындағы ірі халықаралық жарыс өтті. Дүбірлі сында Түркістан облыстық ССТ ОРМБЖСМ спортшылары Полат Тұребеков пен Антон Сергеев каноэ-екілікте 500 метр қашықтықта күміс жүлдеге, каноэ-екілікте 1000 және 200 метр қашықтықта екі қола жүлдеге қол жеткізді.

Жарысқа 15 елдің және Еуропаның ең мықты 13 клубының таңдаулы 300 спортшысы қатысты. Байдарка мен каноэдан жастар арасындағы халықаралық регата – бұл келешекте ірі додаларға, оның ішінде Олимпиада ойындарына жүлделерге таласатын жас дарындарды табу мақсатымен өткізілетін дәстүрлі жарыс.

Қазақстан құрамасы сапында осы екі спортшы жүлдегер атанды. Оларды сайысқа каноэда есу бойынша Түркістан облысының аға жаттықтырушысы Е.Кеңесов пен Қазақстанның еңбегі сіңген жаттықтырушысы С.Сергеев даярлады.

Бүгінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тікелей қолдауымен су спорты түрлерін дамытуға жағдай жасалып жатыр. Халықаралық талапқа сай ескек есу базасы салынды. Алдағы уақытта пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.Халықаралық дәрежедегі ескек есу жəне байдарка спорты бойынша олимпиадалық стандартқа сай орталық 100 гектарға жуық алаңда орналасады. Каналдың беткі ауданы 47,9 га. Жалпы ұзындығы – 2222 м. Каналдың ені 260 м, тереңдігі 4 м. Толық сараптау жүргізіліп, концепциялық жоба әзірленген.

Спорт кешенінде қонақүй, веложолақ, бассейн, эллинг, каноэге арналған пирстер, көрермендерге арналған табло, трибуналар, аралдарды қосатын көпір және тағы басқа нысандар орналасады. Жаңа жоба Кенсай-Қосқорған-2 су қоймасынан әкімшілік-іскерлік орталығындағы 9 және 11 көшеде құрылысы жүргізіліп жатқан канал арқылы келетін жеткізгіш арна болмақ. Есу каналынан Шошқакөл су жүйесіне дейін жеткізу-шығару арнасы болады.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзескек есуспортТүркістан облысы
Previous Post

Өмірзақ Шөкеев: «Түркістанды қоғамдық келісім мен бірліктің үлгісі ретінде дамытуымыз керек»

Next Post

Түркістан: Жыл басынан бері 4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі